Өңір басшысы Ермек Көшербаев Өскеменде экологтармен қаланы басқа көк түтін мәселесі бойынша кездесу өткізді
Соңғы уақытта Өскемен қаласындағы түтінге байланысты әлеуметтік желілерде көптеген ақпарат пайда болды.
Облыс әкімі экология департаментінің басшысы Азамат Тауырбековпен кездесіп, осы ауданда жоспардан тыс тексеру мен ауаны өлшеу туралы баяндауын тыңдады. Гагарин бульвары, 9 (Аллея) мекенжайы бойынша жүргізілген өлшеулер хлорлы сутегінің шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) артқанын анықтады. Басқа ластаушы заттар бойынша шектен асу тіркелмеген. Бұдан басқа, «Қазгидромет» РМК филиалының №1 (Рабочая к-сі, 6) және №6 (Назарбаев к-сі, 83/2) бақылау бекеттерінде атмосфералық ауа мониторингінің нәтижелеріне сәйкес 20 қарашада көміртек оксиді бойынша ШРК-дан арту тіркелді.
Айта кету керек, қала қазаншұңқыр іспеттес жерде орналасқан, қазан мен қарашада айларында желсіз, тымық күндер сақталып келді, бұл да метеожағдайға әсер етеді. Бұдан басқа, от жағатын жер үйлер орналасқан жеке сектор да атмосфераға үлкен салмақ түсіріп отыр.
Қала тұрғындарының өтінішінен кейін экология департаменті атмосфераға шығарылатын қалдықтар бой ынша кәсіпорындарды тексеруді жоспардан тыс қолға алды. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады. Ермек Көшербаев атап өткендей, кінәлілер қолданыстағы заңнама аясында жауапкершілікке тартылмақ. Сондай-ақ, өңір басшысы атап өткендей, экологтар барлық шағын қазандықтар мен кәсіпорындарды экологиялық нормалардың сақталуына тексеруі қажет. Жақын арада әкімдік қосымша 10 бекет орнатуды қаржыландырмақ, бұл нақты жағдайды айғақтап беретін болады.
Қазіргі уақытта 2 дәрежелі қолайсыз метеожағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің мамандары арнайы аспаптармен өлшеуге жедел түрде шықты. Басты міндет - ластаушы заттардың атмосферадағы үлесін анықтау. Өлшеу нәтижелері туралы қосымша хабарланады.