Риддерде шаңғышыларға арналған трамплин салуға жер телімі бөлінді

час назад
Сейчас читают:
Риддерде шаңғышыларға арналған трамплин салуға жер телімі бөлінді Риддерде шаңғышыларға арналған трамплин салуға жер телімі бөлінді
Риддерде шаңғышыларға арналған трамплин салуға жер телімі бөлінді

Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі спорт нысаны «Матрёнин Соколок» шоқысында шаңғы-роллер трассасына іргелес орналасатынын хабарлады.

Қазір ол бойынша ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасына инвестициялық ұсыныс дайындалуда, кейін жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады. Жобалау барлық келісімдерді алуды ескере отырып, шамамен төрт-алты айға созылады. Жоба облыстық бюджетті қарастыру кезінде қолдау тапса, шаңғымен секіруге арналған тұғырдың құрылысы 2026 жылы басталуы мүмкін.

Бұған дейін бізге спорт нысанында шаңғы тұғырының өзі (жеделдету тауы, қону тауы), көрермендер трибунасы, спорт алаңдары, таспалы көтергіш, әкімшілік және қызметтік-техникалық бөлмелер корпусы, сондай-ақ автокөлік тұрағы болатыны туралы хабарланған болатын. Жобалау барысында жоспар өзгеруі мүмкін.

К-40 трамплині спортшыларға шаңғымен секірудің неғұрлым жоғары дағдыларын дамытуға, деңгейі жоғары жарыстарға дайындалуға мүмкіндік беретіні белгілі. Мұндай нысан құрылған жағдайда Риддерде шаңғымен секіру мен шаңғы қоссайысы бойынша спорттық сайыстарды өткізуге болар еді, аталған қоссайысқа шаңғымен тұғырдан секіруден басқа шаңғы-роллер жарысы кіреді.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте