Самар ауданында биыл Мариногорка–Жұмба автожолына жөндеу жұмыстары басталады
Жолдың ұзындығы — 38 шақырым (Мариногоркаға бұрылыстан бастап). Аталған учаскеде шамамен 40 жыл бойы жөндеу жүргізілмеген.
Жол мәселесін тұрғындар бірнеше рет көтерген, оның ішінде 2025 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановпен өткен есептік кездесуде де айтылған болатын.
Қазіргі таңда мәселе аудан деңгейінде шешімін табуда. Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, ауылдық округ әкімі және қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен көшпелі кеңес өткізді. Кеңес барысында жөндеу жұмыстарының негізгі кезеңдері айқындалды.

