Самар ауданында көшелерді жуу науқаны басталды

3 часа назад
Сейчас читают:
Самар ауданында көшелерді жуу науқаны басталды Самар ауданында көшелерді жуу науқаны басталды
Самар ауданында көшелерді жуу науқаны басталды

Самар ауданында жазғы кезеңде көше-жол желісін күтіп ұстау және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жолдарды, тротуарлар мен көпірлерді жуу жобасы қолға алынды.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қазіргі таңда жолдарды санитарлық тазалау бойынша мердігер ұйыммен келісімшарт жасалған.

Жұмыстарды атқару үшін екі техника жұмылдырылған — аралас жол тазалау машинасы және МТЗ-82 тракторы.

Апта басынан бері көшелерді жуу жұмыстары Бастаушы, Миролюбовка және Самарское ауылдарында жүргізілді.

Жобаны жүзеге асыру жолдардағы және ауадағы шаң деңгейін едәуір төмендетуге, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте