Сайлау учаскелерінде балаларға ерекше көңіл бөлінді
Бүгін Құрылтай депутаттарын сайлау барысында баласымен бірге дауыс беруге келген тұрғындарға ерекше көңіл бөлінді.
Сайлау учаскелерінде балалар үшін шағын сыйлықтар ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге ойыншықтар табысталды. Балалар ойыншықтарын қуана қабылдап, ата-аналар өз кезегінде ел болашағына қатысты таңдауын жасады.
Осындай жылы әрі қарапайым бастамалар сайлау учаскелеріндегі жағымды көңіл-күйді қалыптастырып, сайлау күнін балалар үшін де ерекше сәтке айналдырды.


