ШҚО-да туристік маусымға дайындық күшейтіледі: қауіпсіздік пен инфрақұрылымға назар аударылады

3 часа назад
Сейчас читают:
ШҚО-да туристік маусымға дайындық күшейтіледі: қауіпсіздік пен инфрақұрылымға назар аударылады ШҚО-да туристік маусымға дайындық күшейтіледі: қауіпсіздік пен инфрақұрылымға назар аударылады
ШҚО-да туристік маусымға дайындық күшейтіледі: қауіпсіздік пен инфрақұрылымға назар аударылады

Шығыс Қазақстан облысында туристік маусымға дайындық жұмыстары басталады. Аталған мәселе облыс әкімдігінде өткен кеңесте қаралды.

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, алдағы уақытта облысқа елдің өзге аймақтарынан және шетелден келетін туристер саны артады деп күтілуде. Осыған байланысты әкім туристік инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Аймақ басшысының сөзінше, туристік нысандардың дайындығына қалалар мен аудандар әкімдері жеке жауап береді. Туристік жобаларды жүзеге асыру ғана емес, сонымен қатар тазалық, қауіпсіздік және жайлылық сияқты негізгі талаптарды сақтау маңызды.

Самар жағалауына ерекше назар аударылды. Мұнда тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету қажет. Себебі электр қуатының жиі үзілуі демалыс базалары үшін негізгі мәселелердің бірі болды. Сонымен қатар санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату, жол бойындағы сервисті дамыту және оларды күтіп-ұстау да бақылауда.

Әкім туристік аймақтарды қысқа уақыт ішінде ретке келтіруді тапсырды: стихиялық қоқыс үйінділерін жою, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын дайындау, инфрақұрылымды жаңарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізу.

«Туристер ретсіз жағдайды көрмеуі тиіс. Жолдардан бастап қонақтарды орналастыруға дейінгі барлық мәселе жөнге келтірілуі керек», — деп атап өтті ол.

Қауіпсіздік мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Су айдындары бар аудандарда муниципалдық жағажайларды дайындау, демалушылардың суда қауіпсіздігін қамтамасыз ету, демалыс орындарына ыңғайлы кіреберіс жолдарды ұйымдастыру қажет.

Мұндай жұмыстар қазір Ұлан ауданындағы Сібе көлдеріне баратын жолда жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ туристік нысандарға апаратын жол белгілерін орнату жұмыстары күшейтіледі. Ал Алтай ауданында су құбыры мен кәріз желілерінің жағдайы қосымша қаралатын болады.

Кеңесте жергілікті медициналық пунктті жүргізушілердің масаң күйде екенін анықтау үшін куәландыру жүргізуге лицензиялау мәселесі де талқыланды. Ал өңірдің туристік маусымға дайындығын арнайы комиссия бағалап, нысандарды, қауіпсіздік деңгейін және инфрақұрылым сапасын тексереді.

Сондай-ақ Нұрымбет Сақтағанов қала және аудан әкімдеріне туристік бизнес өкілдерімен кездесу өткізудің маңызын жеткізді. Бұл қонақүйлердегі жағдайды бақылап, тексеруге мүмкіндік береді. 

«Егер туризмді дамытқымыз келсе, сапа мен тәртіпті қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл үшін әрбір әкім жауапты», — деп түйіндеді Нұрымбет Сақтағанов.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте