ШҚО-да ұзақ жылдар бойғы тыныштықтан кейін трансплантациялау үшін өлімнен кейінгі орган алу қайтадан жүргізіле бастады

5 декабря 2024, 11:19
Сейчас читают:

Жылға жуық уақыт аралығында Шығыс Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі екі донор болды. Олардың органдары елдің түкпір-түкпіріндегі тоғыз адамды ажалдан арашалады. Трансплантация саласы он жылға жуық уақыт болған тоқыраудан шыққан сияқты. Бұл шынымен де солай ма? YK-news.kz тілшісі ШҚО өңірлік трансплант-үйлестірушісі Аслан Нұрғалиевпен ағымдағы жағдай мен болашақты талқылады.

2024 жылғы 23 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының 39 жастағы пациентіне "геморрагиялық инсульт аясында ми өлімі" диагнозы қойылды. Мұндай диагноз мидың барлық функцияларының толығымен және қайтымсыз тоқтауын білдіреді. Бұл терең ұйқы немесе тіпті кома емес, биологиялық өлімнің баламасы. Адам мәңгілікке қайтты деген сөз. Тек оның жүрегі мен өкпесі ауаны сорып, қанның тамырлар арқылы айналуына әкелетін аппараттардың арқасында жұмысын жалғастыруда.

Қанның жасанды қозғалысының арқасында науқастың ішкі мүшелері біраз уақыт сақталады. Бұл трансплантация жасауға мүмкіндік береді. Мүшелерді мұқтаж адамдарға трансплантациялау өлген адамның  тірі  адамға жасай алатын ең қорқынышты және құнды сыйлығы болып табылады.

— Бұл жағдай мереке алдында болған еді. Науқасқа "мидың өлімі" диагнозы қойылды. Біз оның туыстарымен сөйлестік. Оларға, әрине, өте қиын болғаны анық, — деп еске алады ШҚО бойынша республикалық трансплантология орталығының өңірлік үйлестірушісі Аслан Нұрғалиев. — Бірақ олар үшін шешуші фактор донорлық органдардың бірінші кезекте балаларға трансплантацияланатындығы болды.

Науқастың туыстары келісім бергеннен кейін, Шығыс және  Астана мамандары шұғыл  трансплантацияға дайындала бастады.

 — Біз Астанаға хабарласып, жедел трансплантациялау бригадасын құрдық. Кешкі сағат жетіде бригада бізге ұшып жетті, — дейді Аслан Асылбекұлы. — Сағат түнгі бірге дейін біз түрлі органдарды трансплатнациялау үшін алдық. Одан кейін бригада Астанаға ұшып кетті.

Сонымен қатар, "TRINIS" автоматтандырылған жүйесі мыңдаған әлеуетті реципиенттерді донормен үйлесімділікке тексерді. Жүйе ағзасы трансплантацияға төтеп бере алатын және органды қабылдамайтын адамдарды есептеді. Нәтижесінде Абай облысының кішкентай тұрғыны, 2015 жылы туған қыз балаға бір бүйрек берілді. 1966 жылы туған әйелге екінші бүйрек берілді. Жүректі 1977 жылы туған ер адам, ал өкпені 1962 жылы туған әйел алды.

Органдардың жетіспеушілігінен өлім аузындағы төрт адам өмір сүруге  екінші мүмкіндігін алды.

Тіпті армандау қорқынышты болған кезде

— Соңғы уақытта бұл қайтыс болғаннан кейінгі донор болған екінші жағдай. Өткен жылы, 28 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының пациентіне мидың өлімі диагнозы қойылған болатын. Біз бірнеше органды алу арқылы бес адамды құтқардық, — дейді Аслан Нұрғалиев.

Алдыңғы он жыл ішінде Шығыс Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі үш донор ғана болғанын, ал трансплантология саласы қатты құлдырауды бастан өткергенін ескерсек, қазіргі екі жағдай әлсіз болса да  үміт береді. Бұл кездейсоқтық емес, өлімнен кейінгі органды алу фактілерінің табиғи өсуі деген үміт.

— Қазақстанда 4 080 адам трансплантация жасалуын күтуде. Оның ішінде ШҚО бойынша 297 пациент, оның ішінде 37 бала бар, — дейді Аслан Асылбекұлы. — Негізінен адамдарға бүйрек трансплантациясы қажет. Содан кейін бауыр, жүрек, жүрек-өкпе жүйесі және өкпе келеді.

2024 жылы тізімнен 200-ден астам пациент шығарылды. Олар трансплантацияға жетпей, қайтыс болғандар.

Бұл көрсеткішке қарсы қоятын фактілер -  қайтыс болғаннан кейінгі алты донордың органдарын алған 23 адам құтқарылды.

— Өлімнен кейінгі донорлық біз қалағандай тез дамымайды. Егер біз жылына 200 адамнан айырылып, 20 адамды құтқарсақ, өлім-жітім тым көп болады, — дейді дәрігер.

Ол өлімнен кейінгі әлеуетті донорлардың аз ғана бөлігі нақты донорларға айналатынын айтып отыр. Әдетте, мидың өлімі туралы хабарланған адамдар жүректің тоқтап қалуына дейін аппараттарға қосулы болады, өйткені олардың туыстары органдарды алуға келісім бермейді.

— Биыл бізде төрт әлеуетті донор болды. Үш жағдайда туыстары бас тартты, — деп түсіндіреді Аслан Нұрғалиев. — Өткен жылы әлеуетті донорлар, меніңше жетеу болған.

Бас тарту себебі көп. Бұл "мидың өлімі" диагнозының мәнін, менталитеттің ерекшеліктерін түсінбеу және онсыз да жақсы болып кететініне сену. Жақын адам көзін ашады, күлімсірейді және ештеңе болмағандай сөйлейді деген сенім. Мұндай сәтсіздіктермен жұмыс істеуге болады және қажет. Алдын-ала  әрекет ету маңызды: түсіндіру, халықты ағарту, қайтыс болғаннан кейінгі орган донорлығы сияқты күрделі, даулы, бірақ мағыналы тақырыпты қайта-қайта көтеру. Дегенмен, мәселені шешудің одан да қисынды және қысқа жолы бар: әлеуетті донорлардың туыстарынан жауапкершілікті алып тастау және оны донорлардың өздеріне беру.

2020 жылға дейін елде номиналды түрде келісім презумпциясы болған — бұл қарсы шықпағандардың әрқайсысының органдарын алуға келісімін мойындау дегенді білдіреді. Ешкім де қарсы болмағанын айта кеткен жөн: оны қалай істеу керектігін көпшілік түсінбеген, оған қоса жұрт  бұл орайда өз ойын білдіру туралы ойланбаған да  екен.

Сонымен қатар, дәрігерлер жұртшылықтың реакциясынан қорқып, әркез ықтимал донорлардың туыстарынан трансплантациялауға рұқсат сұрайтын, тіпті  заң бойынша бұл рәсім қажет болмаса да.  Мамандар "зиян келтірме" қағидатын ұстанды. Өйткені, органдарды трансплантациялауға байланысты кез-келген жанжал сфераны ондаған жылдарға тоқыратып, көптеген негізсіз қорқыныш пен алалаушылықты тудыруы мүмкін.

2020 жылдан бастап елде өмір бойғы ерік-жігерді рәсімдеудің ыңғайлы тетігі жасалды. Енді қазақстандықтар қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан бас тартуды немесе келісімді екі рет басу арқылы eGov.kz порталында тіркей алады.

— ШҚО бойынша 5 230 ерік білдіру  жиналды. Ал бүкіл Қазақстан бойынша-107 мыңға жуық. Біз келісімді де, келіспеушілікті де қарастырамыз. Бас тарту да нәтиже. Біз үшін адамның бұл туралы ойлануы, кіруі, өзіне осы сұрақты қойып, пікір білдіруі маңызды. Бұл қоғамның не ойлайтынын көрсетеді", — дейді маман. — Шешімді өзгертуге болады және оны бірнеше рет жасауға болады.

Аслан Асылбекұлының айтуына қарағанда,   егер қайтыс болған   әлеуетті донор тірі кезінде келісімді немесе донорлықтан бас тартуды тіркеген жағдайда, дәрігерлер тек осы шешімге бағдарланатын болады. Егер жоқ болса, донордың туыстары соңғы сөзді айтады.

— Егер ерік-жігері болмаса, жақын адамдардың келісімінсіз біз орган алу жүргізбейміз. Біз туыстарды көндіруге тырыспайтынымызды білген жөн.  Біз жағдайды және болашақты түсіндіреміз, — дейді дәрігер.

Жүйелі өзгерістер

Халықпен жұмыс істеу және қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа төзімділікті қалыптастыру — бұл трансплантология саласын дамыту жоспарындағы ең маңызды мәселе. Өйткені, бұл күту тізіміндегі мыңдаған пациенттерді құтқарудың жалғыз жолы.

— Елде тірі донорлардан да трансплантация жасалады, мәселен, туыстардан. Бірақ олай  тек бүйрек пен бауырдың кішкене бөлігін трансплантациялай аламыз. Тірі донордың жүрегін немесе өкпесін алу мүмкін емес, — деп түсіндіреді Аслан Нұрғалиев. — Бірақ біз бүйрек беретін науқасты мүгедек ететіндігімізді де ойлауымыз қажет. Болашақта донордың өзіне орган қажет болып қалмасына  кепілдік жоқ.

Алайда, қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан органдарын алу санын көбейту ғана емес, оларға дайын болу да маңызды. Ал Шығыс Қазақстанда осыған байланысты кейбір проблемалар орын алып отыр. Мәселен,  2023 жылы аймақта екі электроэнцефалографтың бірі бұзылғаны белгілі. Бұл құрылғы мидың белсенділігін бағалау және әлеуетті донорларды анықтау үшін қажет.

Аслан Нұрғалиевтің айтуынша, облысқа екі аппарат жеткілікті Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында және ШҚ облыстық мамандандырылған медициналық орталығында (бұрынғы бірінші қалалық аурухана — прим. ред.) болса болғаны. Дәл осы жерде инсульт, политравма және мидың өліміне әкелуі мүмкін басқа жағдайлары бар науқастар келеді.

— Қазір істеп тұрған аппарат тек облыстық ауруханада қалды. Бірақ аурухана басшылығы қолынан келгенін істеп жатыр, олар құрылғыны сатып алуға дайын және оны бюджеттік өтінімге енгізген, — деп атап өтті сұхбаттасушы. — Биыл немесе келесі жылы сатып алынады.

Сондай-ақ, мамандандырылған медициналық орталықтың әкімшілігі жаңа аппаратта жұмыс істейтін невропатологтарды — кем дегенде екі маманды оқытуға жіберуге дайын.

— Мен жақында аймақтық трансплантация үйлестірушісі ретінде оқып келдім. Бізді әлеуетті донорлардың туыстарымен сөйлесуге үйретті. Бұл өте маңызды және жұмысқа көп көмектеседі, — деп бөлісті маман.

Бұл ретте Аслан Нұрғалиев өңірлік үйлестірушілерді ғана оқытып қоймай, басқа мамандарды да даярлау керектігін атап өтті. Өлімнен кейінгі ықтимал донорлар аудандарда да бар. Бірақ аудандарда мұндай пациенттерді анықтай алатын және туыстарымен донорлық мүмкіндігін талқылай алатын арнайы дайындалған кадрлар жоқ. Және бұл үлкен олқылық болып отыр. Бір донор бірден бірнеше адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін және бұл мүмкіндікті  техникалық немесе кадрлық жабдықтың болмауына байланысты жіберіп алмаған жөн.

— Инсульт бөлімшелері бар жерде оқытылған невропатологтар болуы керек. Кем дегенде ірі аудан орталықтарында, — дейді дәрігер.

Аудандардағы  мамандар даярлығы туралы  сұраққа әңгімелесуші оң жауабын беріп отыр.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте