ШҚО-да жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Мердігер ұйым «ОблШығысЖол» ЖШС-нің мәліметіне сәйкес, Күршім — Қалжыр — Бурабай — Маралды автомобиль жолының 28-33 шақырымы аралығында, Сайлыбай учаскесі, қазіргі уақытта жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жол бөлігін нормативтік жағдайға келтіру мақсатында 15 маман және арнайы жол техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, жұмысқа 2 экскаватор, 1 тиегіш, 7 самосвал және ГАЗ-66 автокөлігі тартылған. Барлық жұмыстар бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда жол жамылғысын қалпына келтіру және тегістеу жұмыстары орындалуда. Негізгі кезеңдер аяқталғаннан кейін жол жабындысының сапасы мен ұзақ мерзімділігін арттыруға бағытталған қосымша жұмыстар жүргізіледі.
Аталған учаскедегі жұмыстар басқарманың тұрақты бақылауында.


