ШҚО делегациясы Ұлытау облысының ауыл шаруашылығын дамыту тәжірибесімен танысты

час назад
Сейчас читают:
ШҚО делегациясы Ұлытау облысының ауыл шаруашылығын дамыту тәжірибесімен танысты ШҚО делегациясы Ұлытау облысының ауыл шаруашылығын дамыту тәжірибесімен танысты
ШҚО делегациясы Ұлытау облысының ауыл шаруашылығын дамыту тәжірибесімен танысты

Шығыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту және ауыл шаруашылығына заманауи тәсілдерді енгізу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта өткен айда ШҚО әкімінің тапсырмасымен өңір делегациясы саланың негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасу үшін Ұлытау облысына барды.

Делегация құрамына Тарбағатай, Зайсан, Марқакөл, Күршім, Самар, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарының өкілдері – жергілікті атқарушы органдардың, салалық бөлімдердің басшылары мен олардың орынбасарлары кірді. Жұмыс сапары барысында олар Ұлытау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының, «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметімен, сондай-ақ өңірде жүзеге асырылып жатқан мал шаруашылығы, суармалы егіншілік, кооперация және ауыл инфрақұрылымы бағытындағы жобалармен танысты. Негізгі назар «Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі» республикалық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға аударылды. Делегация мүшелеріне мал шаруашылығын дамыту, бордақылау алаңдарын салу, жаңбырлатып суару жүйелерін енгізу, кооперативтер құру және «Отбасылық ферма» бағдарламасын дамыту бағытындағы заманауи тәсілдер таныстырылды.

Әсіресе «Отбасылық ферма» пилоттық жобасы ерекше қызығушылық тудырды. Бұл жоба аясында шаруашылықтар тек малмен ғана емес, қажетті инфрақұрылыммен де қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, тұрғын үй, мал ұстайтын қора-жай, су және электр желілері қарастырылған.

Сонымен қатар жоба мал өсіруден бастап өнімді өңдеуге дейінгі толық өндірістік циклді қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар ШҚО өкілдері салынып жатқан фермаларды, 10 мың тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасын және су ресурстары шектеулі аудандардағы суару нысандарын аралады. Делегация мүшелері Ұлытау өңірінің тарихи орындарына – Жошы хан және Алаша хан кесенелерін де барды.

Сапар қорытындысы бойынша қатысушылар екі өңірдің салалық құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін, ауыл шаруашылығы жобаларын іске асырудағы жүйелі тәсілді және мемлекеттік қолдау тетіктерінің белсенді қолданылып жатқанын атап өтті. ШҚО әкімдігінде өңірдің табиғи және аграрлық әлеуеті зор екені айтылып, облыстар арасындағы тәжірибе алмасу ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуға және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін тиімді шешімдерді табуға жол ашатыны атап өтілді.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте