ШҚО әкімі қазақстандық киноның Француз қауымдастығының президентімен кездесті

6 августа 2024, 3:39
Сейчас читают:
ШҚО әкімі қазақстандық киноның Француз қауымдастығының президентімен кездесті ШҚО әкімі қазақстандық киноның Француз қауымдастығының президентімен кездесті
ШҚО әкімі қазақстандық киноның Француз қауымдастығының президентімен кездесті

Еуропа елдерінде қазақстандық фильмдерді аударумен және насихаттаумен айналысатын қауымдастықты Өскемен қаласының тумасы Андрей Иванов басқарады.

Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық деңгейде Шығыс Қазақстанның мәдениетін, туризмін және тартымдылығын дамыту мүмкіндіктерін қарастырды, сондай-ақ креативті индустрияны дамыту орталығы жұмысының бағыттарын талқылады.

— Мен кино өндірісін дамытуға және мәдениет саласында халықаралық ынтымақтастықты орнатуға өз үлесімді қосқым келеді, деді Андрей Иванов.

Өңір басшысы Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстанда киноиндустрияны дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарды қолдап, облыстың көркем табиғаты жылдың кез келген уақытында жанды павильонға айналатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Өскеменде алғаш рет француз кинофестивалі өтіп, онда көрермендерге орыс субтитрлері бар түрлі Француз фильмдері көрсетілген болатын, сол арқылы көрермендер елдің тілі, мәдениеті, тұрмысы және кинематографиясымен таныстырылды.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте