ШҚО әкімі Үлкен Нарын ауданындағы бірнеше нысанды аралады

2 часа назад
Сейчас читают:
ШҚО әкімі Үлкен Нарын ауданындағы бірнеше нысанды аралады ШҚО әкімі Үлкен Нарын ауданындағы бірнеше нысанды аралады
ШҚО әкімі Үлкен Нарын ауданындағы бірнеше нысанды аралады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Үлкен Нарын ауданына келіп, бірнеше нысанды аралады.

Әуелі Үлкен Нарын ауылындағы орталық қазандықтың жұмысымен танысты. 2015 жылы салынған қазандықтың белгіленген қуаты сағатына 10,4 Гкал. Мұнда КВМ-3,0 маркалы төрт су жылыту қазандығы орнатылған. Қазандық 38,5 мың шаршы метрге жуық аумақты жылумен қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта орталық қазандыққа 90 заңды және 300-ден астам жеке тұлға қосылған. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 8,08 шақырым.

Нұрымбет Сақтағанов қазандықтың алдағы жылыту маусымына дайындығын пысықтап, жылу желілерінің техникалық жағдайына назар аударды. Жауапты мамандарға қажетті дайындық жұмыстарын уақтылы аяқтап, жылумен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды. ️

Одан соң аймақ басшысы аудан орталығында салынып жатқан үшқабатты 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын «NNTR GROUP» ЖШС жүргізіп жатыр. Мамыр айында іске кіріскен мердігер үйді желтоқсан айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Тұрғын үйдің жалпы ауданы 1 382 шаршы метрден асады. Мұнда 12 бір бөлмелі және 18 екі бөлмелі пәтер қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 70 пайызы орындалған.

«Тұрғын үй құрылысын белгіленген мерзімде аяқтап, сапа талаптарын қатаң сақтау керек. Бұл пәтерлер баспана кезегінде тұрған адамдарға беріледі. Үйді үлестіргенде бірінші қабатты ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға беру қажет», — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ Нұрымбет Сақтағанов Үлкен Нарын ауылындағы құрылысы созылып кеткен дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Мердігер ұйым - «QazConstructions» кәсіпорнының өз міндеттемелерін орындамауына байланысты өткен жылы келісімшарт біржақты тәртіппен бұзылды. Мердігерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта оны құқық қорғау органдары тергеп жатыр. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау мәселесі кәсіпкерлердің әлеуметтік міндеттемелері аясында шешілмек. Яғни, бұған дейін атқарылған жұмыстарды басқа компания қайта жалғастырады.

Нысанды аралау барысында Нұрымбет Сақтағанов кешен ішіне сауна салуды қарастыруды ұсынды. Оның айтуынша, бұл бассейнде жаттығатын балалар үшін маңызды. Олар жаттығудан кейін жылынып, жайлы жағдайда демала алады. Болашақ дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жанында қазірдің өзінде ірі спорт кешені жұмыс істеп тұр. Аймақ басшысы екі нысанды біртұтас спорттық кластерге біріктіру қажеттігін жеткізді.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте