ШҚО әкімі Қытайдағы қала аумағында орналасқан халықаралық тау-шаңғы курортының тәжірибесін өңірде қолдану үшін зерделеуді тапсырды

11 часов назад
Сейчас читают:
ШҚО әкімі Қытайдағы қала аумағында орналасқан халықаралық тау-шаңғы курортының тәжірибесін өңірде қолдану үшін зерделеуді тапсырды ШҚО әкімі Қытайдағы қала аумағында орналасқан халықаралық тау-шаңғы курортының тәжірибесін өңірде қолдану үшін зерделеуді тапсырды
ШҚО әкімі Қытайдағы қала аумағында орналасқан халықаралық тау-шаңғы курортының тәжірибесін өңірде қолдану үшін зерделеуді тапсырды

Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастаған делегация Алтай қаласының аумағында орналасқан «Цзян Цзюнь Шань» халықаралық тау-шаңғы курортына барды.

«Цзян Цзюнь Шань» — Қытайда қала инфрақұрылымымен толықтай біріктірілген жалғыз тау-шаңғы курорты болып табылады. Курорттың жалпы аумағы 7,5 шаршы шақырымды құрайды. Мұнда 8 аспалы жол мен 11 лента іспеттес көтергіш жұмыс істейді, олардың жалпы өткізу қабілеті сағатына 16 мың адамға дейін жетеді. Сондай-ақ, әртүрлі деңгейдегі спортшыларға арналған жаттығу аймақтары қарастырылған.

Курорт нысандары Халықаралық шаңғы және сноуборд федерациясы (FIS) тарапынан сертификатталған, бұл халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта курорт аумағында инфрақұрылым белсенді дамуда: шаңғы залы, екі тау қызмет көрсету орталығы, қонақтарға арналған апартаменттер, жалпы ұзындығы 71 шақырым болатын жаңа трассалар мен өзге де нысандардың құрылысы жүріп жатыр.

Нысанды аралау қорытындысы бойынша Нұрымбет Сақтағанов аудан әкімдеріне өз өңірлерінің жер бедері мен туристік әлеуетін ескере отырып, осындай тау-шаңғы инфрақұрылымын дамыту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Бұдан бөлек, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына ШҚО спортшылары үшін осы курорт базасында жаттығу үдерісін ұйымдастыру мәселесін қарастыру жүктелді.

Алынған тәжірибе Риддер қаласында іске асырылатын «Анатау» жыл бойы жұмыс істейтін курорт жобасында қолданылатын болады.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте