ШҚО: Күршім көпірі мен Шемонаиха көпірінің арасында қандай байланыс бар?

28 января 2025, 8:53
Сейчас читают:
ШҚО: Күршім көпірі мен Шемонаиха көпірінің арасында қандай байланыс бар? ШҚО: Күршім көпірі мен Шемонаиха көпірінің арасында қандай байланыс бар?
ШҚО: Күршім көпірі мен Шемонаиха көпірінің арасында қандай байланыс бар?
Фото Instagram.com/shemonaikha_akimdigi

Шенеуніктер Үбі көпірін жөндеуге байланысты жоспарлары туралы айтты деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір ашылғаннан кейін Қытай-Қазақстан-Ресей бағыты бойынша баламалы көлік дәлізі пайда болды. Арақашықтығы жақын, сондықтан ыңғайлы.

— Көрші елдердің автотасымалдаушыларын тарту үшін транзит бағыты бойынша Шемонаиха қаласындағы Үбі арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жоспарланған, — деді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Жұмаділов. — Жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, сараптамадан өтуде.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайта құруға шамамен 10 миллиард теңге жұмсау жоспарлануда. Бірақ сараптамадан кейін сома азды-көпті өзгеруі мүмкін. Жоба құнының 90 пайызға жуығын республикалық бюджет, қалған 10 пайызын облыстық бюджет жабады.

Мердігерді конкурс арқылы анықтау 2025 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте