ШҚО-ның Құлынжон ауылында жаңа интернат пен спорт кешені ашылды

17 минут назад
Сейчас читают:
ШҚО-ның Құлынжон ауылында жаңа интернат пен спорт кешені ашылды ШҚО-ның Құлынжон ауылында жаңа интернат пен спорт кешені ашылды
ШҚО-ның Құлынжон ауылында жаңа интернат пен спорт кешені ашылды

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданындағы Құлынжон ауылында Qulynzhon Mektebi мектебінің 60 жылдығына орай жаңа интернат пен спорт кешені пайдалануға берілді. Мерейтой аясында аудандық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бағдарламасы да бастау алды. 

Салтанатты шараларға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен меценат Айдын Рахымбаев қатысты. Жаңа нысандар Құлынжон және ауданның басқа да ауылдарындағы оқушылар үшін қосымша мүмкіндік береді. Интернатта шалғай елді мекендерден келетін балалардың тұруына қолайлы жағдай жасалса, спорт кешенінде оқушылардың тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік бар. Оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды құттықтаған Нұрымбет Сақтағанов ауыл мектептерін дамыту Мемлекет басшысы алға қойған балаларға сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау міндетін жүзеге асыруға ықпал ететінін атап өтті. 

«Ата-ана баласының ауылда да сапалы білім алып, қауіпсіз жағдайда өмір сүріп, сүйікті спорт түрімен айналысатынына сенімді болуы керек. Жаңа интернат пен спорт кешені дәл осындай мүмкіндіктер береді. Ауыл балаларының өз қабілеттерін дамытуы үшін таңдау мүмкіндігі мен кеңістігі болғаны біз үшін маңызды. Туған ауылына деген жанашырлығы және тұрғындарға талай жыл қызмет ететін жобаларды жүзеге асырып келе жатқаны үшін Айдын Рахымбаевқа алғыс білдіремін», – деді облыс әкімі.

Qulynzhon Mektebi 60 жыл бойы ауыл тұрғындарының бірнеше буынын біріктіріп келеді. Жаңа нысандардың ашылуы мектепті дамытуға және аудан елді мекендеріндегі балаларды қолдауға бағытталған жұмыстардың жалғасы болды. 

«Мен осы жерде мектеп бітіріп, бүгінге дейін есімнен шықпаған ұстаздарымды кездестірдім. Өзім туып-өскен ауданның балалары кезінде бізде болмаған мүмкіндіктерге ие болғанын қалаймын. Біздің мақсатымыз - жай ғана инфрақұрылым салу емес, жерлестерімізге - оқушыларға, мұғалімдерге және ауданның барлық тұрғындарына дамуға мүмкіндік жасау», - деді Айдын Рахымбаев.

Самар ауданындағы медициналық желіні жаңғырту бағдарламасы алдағы екі жылға жоспарланған. Бағдарлама аясында орталық аурухананы, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттерді жөндеу көзделген. Ауданға алғаш рет компьютерлік томограф пен реанимобиль сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ медициналық ұйымдарды Starlink интернетіне қосу арқылы еліміздің жетекші дәрігерлерімен онлайн кеңес алу мүмкіндігін кеңейту көзделуде. Айдын Рахымбаев туған өлкені дамытуға жеке қаражатының шамамен 11 млн долларын бағыттады. Бұл қаражат бұған дейін іске асырылған білім беру жобаларын және денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға арналған ұзақ мерзімді бағдарламаны қамтиды. Ауыл отбасылары үшін мұндай өзгерістер - балалардың білімді үйіне жақын жерде алуына және қажетті медициналық көмекті өз ауданында алуына мүмкіндік. Облыс әкімі ауыл мектептерін дамыту және балаларға заманауи жағдай жасау өңір әкімдігінің жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте