ШҚО. Республикалық аламан бәйгенің жеңімпазы жүлдесін жақын арады пайдалана қоймас
11 шілдеде Катонқарағайда өткен аламан бәйгеде бірінші орынды шығысқазақстандық Манат Абдулмансұр жеңіп алды. Дегенмен Абай облысының тұрғындары бұны өздерінің жеңісі деп санайды, себебі чемпион Көкпекті ауылында тұрады.
Бірінші орынға жүлде ретінде Hyundai автокөлігі тігілді. Бірақ оны иеленген жеңімпаздың жүргізуші куәлігін жақын арада ала алмайтыны анық. Өйткені ол небәрі тоғыз жаста.
XXIV халықтық спорт ойындарының ат спорты түрлері бойынша жарыстар «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне орай ұйымдастырылған болатын.


