ШҚО Зайсан ауданына қарасты Ақарал ауылында Beeline базалық станциясы іске қосылды

11 часов назад
Сейчас читают:
ШҚО Зайсан ауданына қарасты Ақарал ауылында Beeline базалық станциясы іске қосылды ШҚО Зайсан ауданына қарасты Ақарал ауылында Beeline базалық станциясы іске қосылды
ШҚО Зайсан ауданына қарасты Ақарал ауылында Beeline базалық станциясы іске қосылды

Мемлекет басшысының қала мен аудан орталықтарын ғана емес, шалғай ауылдарды да кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Соның бір айғағы - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округіне қарасты Ақарал ауылында Beeline сауда белгісі «Кар-Тел» ЖШС-нің ұялы байланыс базалық станциясының іске қосылуы.

Байланыс операторы мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде аталған елді мекенде «Кар-Тел» операторының желісін қамту қамтамасыз етілді. Жобаның негізгі мақсаты - ауыл тұрғындарын сапалы мобильді байланыспен және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету. Бұл бастама - цифрлық теңсіздікті азайту және шалғай ауылдық өңірлер тұрғындары үшін заманауи телекоммуникациялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам.

Ауыл тұрғындары жаңа базалық станцияның артықшылықтарын бірден сезіне бастағандарын жеткізді.

«Бұл ауылда 70 жылдан бері тұрып келеміз. Бұрын байланыс болмады десе де болады. Ол заманда жай ғана стационарлық телефондар болды, ал ұялы байланыс деген мүлде қолжетімсіз еді. Қазір заман дамыды, жаңа технологиялар ауылға да жетті. Енді алыстағы туған-туыстарымызбен емін-еркін сөйлесіп, хал-жағдайын біліп отырамыз. Бұрынғыдай қиналмай, кез келген уақытта хабарласа алатынымызға қуаныштымыз. Осындай игі істі іске асыруға себепкер болған барлық атқарушы органдар мен операторларға үлкен рақмет» — дейді ауыл тұрғындары.

Ақаралдағы жаңа байланыс - тек технология жетістігі ғана емес, ауылдың тынысын кеңейткен, адам мен адамды жақындастырған игілікті қадам. Бұл әсіресе, болашаққа үмітпен қарайтын жастарға, кәсіп іздеген еңбеккерлерге және күн сайын халықпен жұмыс істейтін ұстаздар мен дәрігерлерге үлкен демеу.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте