Шығыс Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр

2 часа назад
Сейчас читают:
Шығыс Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр Шығыс Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр
Шығыс Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында Құрылтай депутаттарының сайлауына дауыс беру өтуде. Өңірдегі барлық 534 сайлау учаскесі сағат 7:00-де жұмысын бастап, сайлаушыларды жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін қабылдайды.

Сайлаушылар тізіміне облыстың 485 873 тұрғыны енгізілді. Өңірдегі саяси партиялық құрылымды саяси партиялардың 7 филиалы ұсынады.

Дауыс беру барысы мен тәртіптің сақталуын 3 мыңнан астам бақылаушы қадағалап отыр. Олардың ішінде 10-ға жуық халықаралық өкіл бар.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов №1193 сайлау учаскесінде дауыс берді. Өңір басшысы сайлау учаскесіне әкесі, жұбайы және балаларымен бірге келді.

«Бүгін елімізде маңызды тарихи күн өтіп жатыр. Құрылтай депутаттарының сайлауы – жай ғана дауыс беру емес, елдің дамуы, азаматтық қоғамды нығайту және саяси мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бұл күн жаңа реформаларды жүзеге асыруға, Қазақстанның қазіргі тарихында жаңа парақ ашуға негіз болады. Бүгін менімен бірге әкем, жұбайым және жиенім дауыс беріп жатыр. Мен үшін балалардың кішкентай кезінен бастап елімізде не болып жатқанын, осындай маңызды саяси үдерістердің қалай өтетінін түсінуі маңызды. Олардың тарихи маңызы бар оқиғалардың куәсі болып, жастайынан жоғары азаматтық мәдениет пен саналы көзқарас қалыптастырғанын қалаймын», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Өңір басшысы Шығыс Қазақстан тұрғындарының дәстүрлі түрде жоғары азаматтық жауапкершілік танытатынын атап өтіп, бұл күні де әр сайлаушы өз таңдауын саналы түрде жасайтынына сенім білдірді.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте