Шығыс Қазақстанда сүтті өңдеу саласы қарқынды дамып келеді

3 часа назад
Сейчас читают:
Шығыс Қазақстанда сүтті өңдеу саласы қарқынды дамып келеді Шығыс Қазақстанда сүтті өңдеу саласы қарқынды дамып келеді
Шығыс Қазақстанда сүтті өңдеу саласы қарқынды дамып келеді

Шығыс Қазақстан облысында сүт өнімдерін жергілікті жерде өндіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр. Өңірде сүт өңдейтін кәсіпорындарды салу мен жаңғыртуға арналған жаңа жобалар іске асырылуда. Бұл өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді.

Ірі жобалардың бірі- Өскемен қаласында заманауи сүт өңдеу зауытын салу. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 200 тонна сүтті, яғни жылына шамамен 73 мың тоннаны өңдеуге жол ашады. Жобаның жалпы құны 5 млрд теңгені құрайды. Зауытта 700-ге дейін жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Кәсіпорында сүт, қышқыл сүт өнімдері, сүзбе, жұмсақ және балқытылған ірімшіктер, йогурт пен қаймақ сияқты өнімдердің кең ассортименті шығарылмақ. Жаңа өндірістік кешен заманауи өңдеу және автоматтандыру технологияларын енгізуге, өндіріс көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар аймақта жаңа кәсіпорындар да іске қосылып жатыр. Мәселен, Шемонаиха қаласында «Сивер Плюс» ЖШС-нің заманауи сүт өңдеу зауыты өз жұмысын бастады. Кәсіпорын озық құрал-жабдықтармен жабдықталған және «Nastole» брендімен кефир, сүзбе, сүт пен қаймақ өндіреді. Қазіргі таңда зауыт тәулігіне 6 тоннаға дейін сүт өңдейді және алдағы уақытта жобалық қуатына шығу жоспарланып отыр. Өндіріс жергілікті шаруа қожалықтарымен тығыз әріптестік орнатқан.

Мамандардың айтуынша, сүтті жергілікті жерде өңдеу өндірістерін дамыту Шығыс Қазақстан үшін аса маңызды. Жаңа кәсіпорындар өңірде өндірілетін шикізатты тиімді пайдалануға, өнім түрлерін көбейтуге және тұрғындарды сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге жол ашады.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте