Туризм және өнеркәсіп – Шығыс Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары

13 августа 2025, 4:03
Сейчас читают:
Туризм және өнеркәсіп – Шығыс Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары Туризм және өнеркәсіп – Шығыс Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары
Туризм және өнеркәсіп – Шығыс Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қазақстанның Әзербайжан Республикасындағы Елшісімен кездесу өткізді. Әлім Байел аймаққа жұмыс сапарымен келді.

Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісінің айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы әзербайжандық кәсіпкерлер мен туристер үшін өзара сауда, өнеркәсіптік даму және туризм салаларында қызығушылық тудырады. Оның мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы алты айының өзінде екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп, 300 миллион АҚШ долларынан асты. Соңғы жылдары сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы және мәдениет салаларындағы байланыстар белсенді түрде дамып келеді. Тек өткен жылы ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға үш рет ресми сапармен барды. Президент еліміздің алдында өнеркәсіп және туризм салаларында өзара ынтымақтастықты дамыту бойынша нақты міндет қойды.

«Бұл бағыттарда ШҚО мен Әзербайжан арасында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың болашағы зор. Шығысқазақстандық кәсіпкерлердің әзербайжан нарығына ұсынары бар. Географиялық жақындықты, халықтарымыз арасындағы мәдени байланыстарды және ШҚО-ның туристік әлеуетінің алуан түрлілігін ескере отырып, өңір әзербайжандық туристерге сауықтыру-емдеу демалысын ұсына алады», – деді әкім Нұрымбет Сақтағанов.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте