Үйдегілер тақымын қысқан соң
Өскеменде қыздар мен ұлдар арасындағы волейболдан көктемгі Қазақстан чемпионаты аяқталып, Шығыс Қазақстан облысы үйде екі медаль қалдырды.
Өткен ел біріншілігі спортшыларды кәсіби деңгейде өнер көрсетуге даярлаудың жұмыс жоспарының жалғасы болды. Жас ойыншыларға ойын тәжірибесі ауадай қажет. Бұл тәжірибені оларға маусым сайын өтетін ел біріншіліктеріне қатысу береді. Сонымен қатар, алдыңғы турнирдегі командалық нәтиже команданың келесі турнирдегі нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
Өскеменде 2007-2008 жылдары туған қыздар арасында (Стахановская көшесіндегі ДСК алаңында) және 2009-2010 жылдары туған ұлдар арасында (Шәкәрім даңғылындағы ДСК алаңында) Қазақстанның көктемгі Чемпионаты өтті.
ШҚО үшін қыздар арасындағы жарыс табысты болды. 12 команда сайысқа түсіп, алдын-ала өткізілген кезеңде әрқайсысы үш командадан тұратын төрт кіші топқа бөлінген болатын. ШҚО үй иелерінің құқығында бірден екі команда шығарды. Өңірдің екінші командасы "С" кіші тобына түсіп, Алматыдан "Бейбарысты" 3:0 есебімен жеңіп алды және сол есеппен чемпионаттың фавориттерінің бірі болып табылатын қола медаль алған Павлодар облысының волейболшыларына 0:3 есебімен жеңілді. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша ШҚО-2 қыздары екінші орынға шықты.
ШҚО-1 құрамасы жағынан анағұрлым қуатты "А"тобында өнер көрсетіп, екі матчта да 3:0 есебімен жеңіске жетті. Алдымен Астанадан келген қарсыластар, содан кейін Шымкенттен келген қонақтар жеңіліске ұшырады.
Біздің екі құрама да плей-оффқа шығып, бізге таза шығысқазақстандық финалға үміт сыйлаған еді. Бірақ өкінішке орай армандар орындалмады. ШҚО-2 құрамасы табанды күресте 1: 3 есебімен Алматы облысының құрамасынан жеңіліп қалды. Бірақ ШҚО-1 құрамасының қыздары әлдеқайда қуатты екен, алтын медальды жеңіп алып, біріншілікте жеңіске жетті. Шешуші матчта ШҚО-ның ең мықты құрамасы Қостанай облысының командасын жеңді.
Жігіттер арасындағы ел чемпионаты қызу болды. Алтын медальға бірден 23 команда үміткер болды! Чемпионатты бірден екі алаңда өткізуге тура келгені де содан. Бастапқыда командалар әрқайсысы бес және алты командадан тұратын төрт кіші топқа бөлінді. Жеребе бойынша ШҚО-1 құрамасы "өлім тобына" түсті. Онда Хромтаудың қуатты командасынан басқа Алматы облысының волейболшылары да өнер көрсететін болған. Осы мықтылар үшін үшін плей-оффқа шығу және медаль үшін күресу мүмкін емес міндет болды, өйткені келесі кезеңге топтағы шайқастардың қорытындысы бойынша алғашқы екі команда ғана өтті.
ШҚО-1 жойқын күресте Алматы облысынан 3:1 есебімен жеңіске жетті, содан кейін 1:3 есебімен Хромтаудан жеңілді. Ақмола облысы мен Атыраудың әлсіз қарсыластары ШҚО волейболшыларынан екі матчта да 3:0 есебімен жеңілді. Бұл нәтижелер келесі кезеңге өту үшін жеткілікті болды. Бірақ Алматы облысының құрамасы мықтылардың бірі болса да, тек 9 орын үшін күресуге аттанып, нәтижесінде оны иеленді.
ШҚО-1 волейболшылары қола медаль үшін матчқа жетіп, топтық раундта жеңілгені үшін Хромтау қаласының командасынан реванш ала алды. Сөйтіп Өскеменде қола жүлде қалды.
— Маған барлық командалардың ойыншыларының тактикалық жағынан өте жетілген ойын көрсеткені өте ұнады, — деп қорытындылады сайыстық бас судьясы Солтүстік Қазақстан облысынан келген Александр Михайлович Кувшинов. — Әрине, техникалық тұрғыдан белгілі бір айырмашылық бар, бірақ барлық командалар "ойлайтын" волейбол ойнауға тырысты. Бұл чемпионат қорытынды сайыс болды — жазда жас санаттары өзгереді. Жазғы біріншіліктердің бірін, менің білуімше, қайтадан Өскеменде қабылдауға дайындалып жатыр, сондықтан трибуналарда жергілікті жанкүйерлерді көруге қуаныштымыз.

