Жазғы туризм, балалардың қауіпсіздігі және медицина қызметкерлерінің құқықтары: Көшербаев ШҚО-да кеңес өткізді

8 часов назад
Сейчас читают:
Жазғы туризм, балалардың қауіпсіздігі және медицина қызметкерлерінің құқықтары: Көшербаев ШҚО-да кеңес өткізді Жазғы туризм, балалардың қауіпсіздігі және медицина қызметкерлерінің құқықтары: Көшербаев ШҚО-да кеңес өткізді
Жазғы туризм, балалардың қауіпсіздігі және медицина қызметкерлерінің құқықтары: Көшербаев ШҚО-да кеңес өткізді

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев акиматтар, орталық мемлекеттік органдар, салалық ведомстволар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді.

Кеңесте миллиондаған азаматтың мүддесін қозғайтын төрт негізгі бағыт талқыланды: жазғы туризмді дамыту, балалар демалысын ұйымдастыру және қауіпсіздігі, медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін қаржыландыру.

Туризм: қауіпсіздік, сервис және бақылау

Ермек Көшербаевтың айтуынша, ішкі туризмді дамыту – Қазақстанның экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі. Бұл ретте қауіпсіздікке, қызмет көрсету сапасына, цифрландыруға және көрсетілетін туристік қызметтердің ашықтығына ерекше назар аудару қажет.

«Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес алдымызда нақты міндеттер тұр: туризм саласын цифрландыру, инфрақұрылымды жақсарту, қызмет көрсету сапасының стандарттарын енгізу, инвестициялық тартымдылықты арттыру және санитарлық әрі этикалық нормалардың сақталуына бақылауды күшейту. Бұл бағыттар орталық және өңірлік деңгейде жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс. Азаматтар мен ел қонақтары үшін жазғы маусымның қандай болатыны осы үйлесімді жұмыстың нәтижесіне байланысты. Біз формалды тәсілге жол бере алмаймыз – егер туризмді өңірлік дамудың шынайы қозғаушы күшіне айналдырғымыз келсе, жүйенің әрбір тетігі тиімді әрі халық игілігі үшін жұмыс істеуі қажет», – деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев төмендегідей ақпарат берді:

  • маңызды мәдени, спорттық және іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі бекітілген;
  • іс-шаралар туристер келетін нүктелерде QR-кодтар арқылы қолжетімді ұлттық туристік порталға орналастырылған, алайда кейбір өңірлерде бұл тек формалды түрде іске асқан;
  • курорттық аймақтардың бас жоспарларын цифрландыру тек екі өңірде аяқталған, қалғандары кестеден кешігуде.

Алакөл көліндегі жүйелі мәселелер де жеке талқыланды: судағы қауіпсіздіктің жоқтығы, санитарлық талаптардың бұзылуы, қоғамдық қолжетімділіктің шектелуі және салық тәртібінің сақталмауы. Ермек Көшербаевтың тапсырмасы бойынша Туризм және спорт министрлігі басқа тиісті органдармен бірге жағдайды тексеріп, проблемаларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеуі тиіс.

Шығыс Қазақстан облысының оң тәжірибесі ерекше атап өтілді – мұнда туризм басқармасы құрылған, инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде Риддер қаласындағы жыл бойы жұмыс істейтін «Анатау» курорты бар. 2025 жылғы мамыр айында облысқа туризм саласына құйылған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86%-ға артқан.

Балалар демалысы: басымдық – қауіпсіздік

Кеңесте жазғы демалыс, балалардың бос уақыты мен жұмыспен қамтылуы мәселелері де талқыланды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы 3,2 млн бала жазғы демалыспен қамтылмақ. Қазір 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь, 204 қала сыртындағы орталық және 17 жыл бойы жұмыс істейтін нысан жұмыс істеп тұр. Ұйымдастыруға 2500-ден астам студент пен 800 ерікті жұмылдырылған. Республикалық ведомствоаралық штаб құрылып, санитарлық және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылған.

«3,2 млн баланы жазғы демалыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Қажетті жағдайлар жасалған: лагерьлер, жыл бойғы нысандар жұмыс істейді, өңірлік штабтар құрылған. Әр лагерьге санитарлық және құқық қорғау мамандары бекітілген. Персоналмен түсіндіру және оқыту жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен, тәуекелдер сақталып отыр, сондықтан санитарлық нормалардың сақталуына жеке жауапкершілікті күшейтіп, бақылауды арттырамыз. Балалар үшін жазғы демалыс мазмұнды әрі қауіпсіз болуы тиіс», – деді оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанов.

Медицина қызметкерлерін қорғау – заң аясында

Ермек Көшербаев медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдар санының артуына алаңдаушылық білдірді. 2019 жылдан бері елде 161 осындай қылмыс тіркелген.

«Медицина қызметкерлері алғысқа ғана емес, нақты заңнамалық қорғауға да лайық», – деді Ермек Көшербаев. 

Осыған байланысты айдың соңына дейін медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы Үкіметке ұсынылуы тиіс.

МӘМС қаржыландыру: бақылауды күшейту

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының деректеріне сәйкес, кейбір өңірлерде қаражатты басқаруда бұзушылықтар және мақсатсыз пайдалану жағдайлары анықталған. Осыған орай Вице-премьер Денсаулық сақтау министрлігі мен МӘМС қорына төмендегідей тапсырмалар берді:

  • жүйе қаражатына бақылауды күшейту;
  • мақсатты пайдалану бойынша аудит жүргізу;
  • барлық қаржылық операциялардың ашықтығын қамтамасыз ету.

Кеңес қорытындысы бойынша Ермек Көшербаев жазғы маусымда халықтың қауіпсіздігі мен өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар жүктеді. Туристік инфрақұрылым мен балалар лагерьлерінің жағдайына бақылауды күшейту, санитарлық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, курорттық аймақтарды цифрландыру мен туристік қызметтерді фискализациялау жұмыстары жандандырылмақ. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мен МӘМС қаражатын тиімді пайдалану мәселелері жіті назарда болады. Барлық бұл шаралар азаматтар үшін қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыруға, сондай-ақ әлеуметтік саланы жүйелі түрде дамытуға бағытталған.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте