Жол, жарық, ауыз су: Маралдыны қандай өзгерістер күтіп тұр?

26 апреля 2024, 9:34
Сейчас читают:
Жол, жарық, ауыз су: Маралдыны қандай өзгерістер күтіп тұр? Жол, жарық, ауыз су: Маралдыны қандай өзгерістер күтіп тұр?
Жол, жарық, ауыз су: Маралдыны қандай өзгерістер күтіп тұр?

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов бастаған жұмыс тобы іссапар аясында Күршім ауданындағы ауылдардың ахуалымен танысты.

Арнайы жұмыс тобы аралап көрген елді мекеннің бірі — Маралды. Мұндағы орта мектептің жағдайы ойдағыдай. Оқу кабинеттері қажетті құрал-жабдықпен қамтылған. Облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева мектептің әдістемелік базасы да нығайтылғанын атап өтті. Тек спорт зал жөндеуді қажет еді. ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов бейінді басқарма басшысына бұл істі жеделдетуді тапсырды.

— Тиісті сараптама жасалып, жобалық-сметалық құжаттама әзірленгеннен кейін жөндеу жұмыстарына қажетті соманың мөлшері де белгілі болады, — деді Инесса Чернышева.

Сондай-ақ жергілікті учаскелік полиция пункті жөнделіп жатқанын айта кетейік. Жұмыс тобы ауыл тұрғындарының ұсынысы бойынша хоккей корты мен балалар ойын алаңына да барды. Оған қоса су жаңа медициналық пункті аралап көрді.

Осыдан кейін облыс орталығынан келген өкілдер ауыл тұрғындарымен кездесті. Маралды жұртшылығы жол мәселесіне баса назар аударуды сұрады.
Аудан орталығынан Маралдыға дейінгі 75 шақырым жолдың 12,5 шақырымына асфальт төселді, биыл «Жол жылы» аясында тағы 15 шақырымы асфальтталады. Оған қажетті 750 млн теңге қаржы бөлінді. Қазір конкурстық рәсімдер жүріп жатыр. Жуықта жұмыс басталады. Автомобиль жолдары комитетінің талабы бойынша қиыршық тасты қара жолға асфальт төсегенде 15 шақырымнан асыруға болмайтынын айта кеткен жөн.

— Яғни, кезең-кезеңмен 15 шақырымнан үш жыл көлемінде жүргізіледі. Сонымен қатар биыл Күршім-Қалжыр бағатындағы 131 шақырым жолдың 75-91 шақырым, 106-121 шақырым аралығы асфальтталады. Сөйтіп биыл Күршім ауданында жалпы ұзындығы 46 шақырым жолға асфальт төселеді, — деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Маралды-Үшбұлақ арасындағы жолдың 10 шақырымына ағымдағы жөндеуіне, яғни қиыршық тас төгіп, тегістеуге 150 млн теңге бөлініп отыр. Қосымша аудандық бюджеттен де бұл мақсатқа тиісті қаржы бөлінеді.

Осы орайда айта кетейік, жол жұмыстарының сапасын жауапты мамандардан бөлек тікелей облыс әкімдігінің ұсынысы бойынша ауыл тұрғындары қадағалайтын болды.

— Жол жөндеу жұмыстарын тиісті орындар ғана емес, бәріміз бірге, қоғам болып бақылауымыз керек. Жұмыстың атқарылуын, сапасын түгел қадағалап, жол жөнделіп біткенде өздеріңізбен бірге қабылдап алатын боламыз, — деді Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов.

Сонымен қатар маралдылықтарды мазалап отырған екі көпірдің жағдайы. Біреуі Қойтас ауылындағы, екіншісі Қыстау Күршімдегі көпір. Қойтастағы көпірдің жобалық-сметалық құжаттамасына облыстан 16 млн теңге қаржы бөлінді, конкурстық рәсімдер өтеді. Күзге қарай жұмыс басталады. Оған дейін көпірді айналып жүретін уақытша жол салынады. 

Ал Қыстау Күршім көпіріне келсек, оны да мамандар тексеруден өткізіп, апатты жағдайда тұрғанын анықтады. Сондықтан әзірге көпірді айналып өтетін жол салынады.

Маралды тұрғындары ауыл туризмін дамыту жөнінде сөз қозғаған еді. ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов бұған толықтай мүмкіндік бар екенін жеткізді. Мамандар бұл бағытта тиісті жұмыстарды жүргізеді. Дегенмен ауыл туризімін түлетуге тұрғындар да күш салуға тиіс. 

— Мәселен, саяхатшылар үшін үй-жайды ретке келтіру керек. Мұндай тәжірибе Катонқарағай ауданындағы Коробиха ауылында бар. Аз мәзірін де шетелдік қонақтардың талғамына сай жаңалаған жөн. Бұл үшін жастарды арнайы жеті айлық курстан өткізуге дайынбыз. Бір сөзбен айтқанда, саланы өркендету үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Жалпы, кез келген істі заң аясында ілгерілеткен жөн, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары кездесуде айтылған елді мекенді абаттандыру, жарықтандыру, ауыз су тарту және үш жарым шақырымға жуықтайтын ауылішілік жолдарды жөндеу мәселелері назарға алынатынын атап өтті. Тұрғындар хоккей кортына асфальт төсеу туралы да ұсыныс айтқан. Бұл жұмыс дереу қолға алынатын болды. Ал мал қорымы мен мал бордақылау алаңын салу мәселесін аудан басшылығы бақылауға алады.

— Барлық ұсыныс-пікірді жіпке тізіп, жинақтадық. Алдағы уақытта бұл мәселелер ретімен шешіліп, жоба-жоспар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады, — деген Нұрымбет Аманұлы Күршім ауданының әкіміне және жауапты басқармаларға бірқатар тапсырма берді.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте