«Eртіс» ӘКК өкілдері тұрақтандыру қорындағы дүңгіршектерде тауық жұмыртқасы неге сатылмайтынын түсіндірді

17 августа 2022, 7:05
Сейчас читают:

«Ертіс» ӘКК» АҚ мемлекеттік бағдарламалар департаменті директоры Артем Демидов тұрақтандыру қорындағы өнімдерге қатысты маңызды сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды  YK-news.kz тілшісі.

Жауапты тұлғаның сөзінше, қазір бағаны тұрақтандыру павильондарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 атауының сегізі сатылып жатыр. Тұрақтандыру қорынан сатып алуға болатын өнімдер тізіміне пияз, сәбіз, қырыққабат, картоп, қант, қарақұмық, күнбағыс майы және тауық жұмыртқалары кіреді. Артем Демидов айтқандай, соңында аталған өнімдер Семейдегі тұрақтандыру қорының дүңгіршектерінде саудаланады, Өскемендегі осындай нүктелерде жұмыртқа  әлі сатылмайды.

– Біз «Семей құс» компаниясымен жұмыс істейміз. Бұл тауық жұмыртқасын шығаратын семейлік жас кәсіпорын. Қазір олардың өндірістік қуаттары логистиканы Өскеменге дейін созуға мүмкіндік бермейді. Күн сайын бізге кем дегенде бір машина көлемінде жұмыртқа жеткізу қажет. Ал көлік тұрғысынан түрлі кедергілерді ескеріп, мұның үлкен шығын екенін ескеруіміз қажет, –  деп түсіндірді «Ертіс» ӘКК» АҚ Мемлекеттік бағдарламалар департаментінің директоры.

Сондай-ақ, ол бағаны тұрақтандыру павильондарында әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне енген сүт өнімдері мен еттің неге сатылмайтынын айтты.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте