Ана мен бала орталығында жаңа жабдық пайда болды

13 сентября 2022, 10:08
Сейчас читают:

Аталған орталыққа босану асфиксиясындағы сәбилерді құтқаруға арналған аппаратты кешен табыс етілді. Құрал-жабдық   «Басқарылатын гипотермия» жобасы аясында берілді, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Терапиялық гиптермия орташа ауыр және ауыр асфиксия кезінде туған бөбектердің өмірі мен интеллектісін құтқару үшін қолданылады. Оны міндетті түрде сәби өмірге келген сәтте қолдану керек. Аппарат пайда болмай тұрып гипотермия қолда бар мүмкіндікпен жасалды – балалардың жанына мұз салынған пакет немесе суық су қоятын. Жансақтау бөліміндегі дәрігерлер мен медбикелер жаңа туған сәбидің орталық жүйке жүйесін құтқарып, осы жағынан қолдау үшін он сағаттай өз қолдарымен демеп келді. Бұл көп уақытты алатын еді. Ал бұл аппарат нақты температураны сақтап, метаболизм мен сәбидің бас миына зақым келген клеткаларды қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Амплитудалық электроэнцефалография монитор дәрігерлерге жаңа туған нәрестелерді құтқару және күту үшін қолданылатын терапияны бақылауға және тиімді реттеуге көмектеседі.

– Балалар өлімін төмендету мәселесі Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облысы үшін өзекті. Медициналық жабдықтар біздің дәрігерлерге жаңа туған нәрестелерді құтқаруға, емдеуге және сауықтыруға көмектеседі. «Samruk-Kazyna Trust» және «AYALA» қорларына гипотермия аппараты және амплитудалық электроэнцефалография мониторы үшін алғыс айтамыз, – деді Ана мен бала орталығының директоры Жайық Жұмаханов.

Орталықта жыл сайын тоғыз мыңнан астам бала туады. Бұл медициналық мекеме перинаталды көмектің үшінші деңгейін қамтамасыз етіп, қала мен жақын маңдағы аудандардағы жүктілік қаупі жоғары әйелдерді қадағалауға мүмкіндік береді. Осы орталықтың интенсивті терапия және жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімінде жыл сайын 500-ден астам шала туған нәрестелер емделеді, ал патология бөлімі арқылы 1200-ден астам нәресте өтеді. Өткен жылы Ана мен бала орталығында 41 бала механикалық гипотермия алды. «Samruk-Kazyna Trust» және «AYALA» қорларының бірлескен жобасы 2020 жылы басталды. Екі жыл ішінде ол алты облыстық перинаталдық орталықты реанимациялық медициналық жабдықтармен қамтамасыз етеді.

2017 жылдан бері «AYALA» қоры орнатқан жабдықта Қазақстанның 12 қаласында 216 жаңа туған нәресте құтқарылды.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте