Біздің зауыттың мақтанышы
15 мамырда Үлбі металлургиялық зауытында әулеттер күні атап өтіледі. «Зауыт әулеті» деген сөз тіркесі адалдық пен тұрақтылық көрінісі ретінде сипатталады. Отбасылар жұмыс істейтін жерлерде кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірибе беру тиімді, мотивация көп деп саналады.
Зауыттың 70 жылдан астам тарихында мұнда 31 еңбек әулеті пайда болды. Әр әулет өзінің білімін, шеберлігін, тәжірибесін үйлестіре отырып, бүкіл бір дәуірден тұратын, отбасылық мұра қалдыра білді. Әулеттер зауытта 2002 жылдан бастап тіркеле бастады, ал мерекенің өзі 2013 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бастамасымен құрылды.
Ковалевтер. Бәрі қалай басталды…
Ковалевтер әулетінің басшысы Николай Маркович 1956 жылы Челябинск техникумын аяқтағаннан кейін жолдама бойынша Үлбі металлургиялық зауытына жұмысқа түсті. Кейіннен ол 33 жылдан астам уақыт бойы инженер-физик және дозиметр болып жұмыс істеді. Уақыт өте келе бүкіл Ковалевтер отбасы зауытқа жұмысқа орналасты - екі ағасы: Никифор мен Валентин әйелдерімен бірге және екі әпкесі: Мария мен Мая жұбайларымен. Содан кейін Николай Марковичтің жиені –Лариса да жұмысқа түсті.
... және жалғасуда
Зауытта тіркелген Ковалевтер әулеті 16 адамнан тұрады. Қазіргі уақытта ҮМЗ-де негізін салушының күйеу баласы, сынау орталығының дозиметристі Сергей Мехнин лайықты жұмыс істеп келеді, сондай-ақ немерелері Максим мен Виталий (олар да СО дозиметрист), немересінің жұбайы - Маргарита Мехнина, СО акустикалық сынақ операторы және жиенінің күйеуі Андрей Светловский энергетикалық орталықтың апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі болып жұмыс істейді және бүгінгі күнге оның жұмыс тәжірибесі ең көп болып саналады.
Егер Ковалевтер әулеті зауытта жұмыс істеген жылдарды қосатын болсақ, онда осы отбасы мүшелері Үлбіде 383 жыл жұмыс атқарды. Бұл ҮМЗ-дегі ең көп еңбек өтілі болып саналады! Алайда, зауыт Ковалевтерге тек сүйікті жұмысын ғана емес...
Зауыттық романтика
— Мен зауытқа 1983 жылы келдім. 1985 жылдың жазында мен цехта үнемі бір нәрсемен айналысатын сүйкімді, қызықты қызға назар аудардым. Екеуміз танысып, ол энергожөндеу цехының комсомол ұйымының хатшысы болып шықты. Осы уақытта мен сол бөлімшенің волейбол жарыстарына қатысқан болатынмын. Лариса әрқашан бізді қолдауға келетін. Кейінірек белгілі болғандай, бұл отбасылық қасиеттер екен: белсенді, жауапты, тынымсыз, жанашыр болу, барлық жерде үлгеру және барлығына көмектесу. Мен ұсыныс жасап, 1986 жылы үйлендік», — дейді Андрей Светловский. — Осындай үлкен отбасының мүшесі болу оңай емес. Сен әрқашан көзге көрінетін сияқтысын. Әйелім зауытта сорғы қондырғыларының машинисі болып 41 жыл жұмыс істеді, қазіргі уақытта зейнеткер, Артем атты немересін тәрбиелеп отыр.
Мұрагер-дозиметристер
— Менің жұбайым Ольга - әулет басшысының қызы — 15 жыл дозиметрист болып жұмыс істеді. Ол жазда ағайынды Ковалевтердің бір уақытта демалуға келісіп, бірге демалу үшін зауыттың демалыс базасында бірден екі-үш үй жалдағанын жиі есіне алады, — дейді Николай Марковичтің күйеу баласы, СО дозиметристі Сергей Мехнин.
Сергей Михайлович өзінің шеберлігі мен ісіне деген көзқарасын, атасының, анасы мен әкесінің ізімен жүрген ұлдары – Максим мен Виталийге табыстайды.
— Менің тәлімгерім әкем болды және әлі де солай қалады, мен одан осы жылдар ішінде көп нәрсені үйрендім және оның арқасында біздің мамандығымыздың қыр-сырын білдім, — деп бөлісті Виталий Мехнин, СО дозиметристі.
Отбасылық дәстүрлер
Өмірде, жұмыстан басқа, Ковалевтердің үлкен отбасы (Бабаковтар, Мельниковтар, Светловскийлер, Кондратьевтер, Мехниндер) бірге жиналып шай ішкенді ұнататын, содан кейін барлығы бірге Үлбі жағалауына шығып, серуендейтін. Мұндай кездесулерде отбасы міндетті түрде шахмат турнирлерін ұйымдастыратын. Жаз уақытын Соградағы зауыт бөлген саяжайларда өткізетін. Сондай-ақ олар Сибинаға және Көгілдір шығанаққа демалуға шығатын. Бір-біріне әрқашан құрметпен, түсіністікпен және қамқорлықпен қарайтын. Бүкіл үлкен отбасымен Ұланка өзенінің артындағы учаскеге картоп отырғызатын. Олар аз отырғызғанымен, егін керемет шығатын, оны екі, тіпті үш рейсте тасымалдауға тура келетін. Әулет басшысы Николай Маркович фотосурет түсірумен шұғылданатын. Оның хоббиінің арқасында Ковалевтердің қазіргі ұрпағында отбасылық кадрлар сақталып қалды.
— Қазіргі уақытта аға буынның ешқайсысы жоқ, қайтыс болған, бірақ біздің жадымызда олар әрқашан бізбен бірге, — деп Андрей Светловский естеліктерімен бөлісті.
2022 жылы Ковалевтер әулеті жыл сайынғы «Еңбек жолы» республикалық байқауында «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша екінші орынды иеленді. Әулет - Үлбі металлургиялық зауытының мақтанышы, оның өткені, бүгіні және болашағы! Ал Кәсіпорынның жаңа тарихын негізін салушының балалары мен немерелері жазып жатыр.
Самал Искакова, «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі


