Жаңа Қазақстаннан не күтеміз? Ақ-қарасын ажыратып көрейік

3 июня 2022, 5:07
Сейчас читают:

ҚР Үкіметі ұсынған дерекке сәйкес бүгінде халықтың кедей топтарын құрайтын 3,8 миллион адам елдегі жалпы табыстың 9,42 пайызын жиынтықта алады, ал ең бай қазақстандықтардың белгілі бір тобы барлық табыстың 39,4 пайызын алады.

– Халықтың барлық топтарының табысы экономиканың өрлеуіне қарай өсуі тиіс. Бұл біздің жағдайда жұмыс істемейтін айқын аксиома, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. – Елде құрылған әлеуметтік-экономикалық жүйе ұлттық табыстың жалпы өсуін қамтамасыз етуде жеткілікті тиімділікті көрсетті, бірақ бұл ретте оны бөлуде тиімсіз болып табылады. Экономикалық өсудің негізгі пайда алушылары қаржы-олигархиялық топтар болды.

Осыған байланысты президент 11 қаңтар күні айтқан сөзінде бірінші кезекте өндіруші сала кәсіпорындарымен бөлісуді ұсынды. Шикізаттың жоғары әлемдік бағалары аясында олардың кірістері айтарлықтай өсті. Маржаның бір бөлігін акциздер арқылы бюджет пайдасына алу болжанып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың басым бөлігінің айлығының кейбір лауазымдағы жандармен салыстырғанда айтарлықтай аз екенін әділетсіз деген болатын. Яғни ҚР Үкіметі мүшелерінің, парламентшілер мен әкімдердің жалақысы мысал етілді. Қаңтар оқиғасының нәтижелері бойынша жоғары лауазымды шенеуніктер мен халық қалаулыларының жалақысын көтеруге бес жылға мораторий жарияланды. Ал әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен бюджет қызметкерлерінің жалақысы бюджет мүмкіндіктерінің өсуіне қарай көтерілетін болады.

Мемлекет басшысының бастамасымен денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәселелерді шешумен айналысатын «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды.

– Қорды қаржыландыру жеке және мемлекеттік көздерден жүзеге асырылады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. – Халықаралық қайырымдылық ұйымдардың көмегін тарту жоспарлануда. Бұл қорға лотерея қызметі операторының, ставкаларды есепке алу орталығының және басқа монополистердің міндетті аударымдары жіберілмек. Әрине, біз айтарлықтай және тұрақты, сондай-ақ ірі бизнес тарапынан Қорға тұрақты аударымдарды күтеміз. Тұңғыш Президенттің арқасында елімізде өте табысты компаниялар тобы, тіпті халықаралық стандарттар бойынша бай адамдар тобы пайда болды. Қазақстан халқына құрмет көрсетіп, оған жүйелі және тұрақты негізде көмектесетін уақыт жетті деп санаймын. Сондықтан Үкімет компаниялар тобын анықтап, олармен Қорға жыл сайынғы жарналардың мөлшерін келісуі керек. Сонымен қатар қолында мол қаражаты бола тұра көлеңкеде қалып жүрген адамдардың белсенділік танытуларын күтемін.

Президенттің бөлісу туралы ұсынысы бас тартуға болатын ұсыныс емес еді. Қазақстанның 21 ірі компаниясы қордың «доноры» болуға келіскен, олардың ішінде «KAZ Minerals» және «Қазақмыс», Центр Кредит банкі, Kaspi Bank, Қазақстанның Халық жинақ банкі бар. Қордың үш ірі донорларының қатарына 13 миллиард теңге аударған «ҚазЦинк» те кіреді. «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ (200 миллион теңге) және «Қаражыра» АҚ (400 миллион теңге) сияқты кәсіпорындар да қорды толықтыруға үлестерін қосуда. Ірі салық төлеушілерден басқа Қордың доноры болып 181 заңды тұлға, бес жеке қайырымдылық қоры қаржы құйған. 16 ірі кәсіпкер 100 миллионнан 1,25 миллиард теңгеге дейінгі соманы қайырымдылық ретінде берген. Тағы 12 қалталы адам бір 50 миллион теңгеге дейінгі сома салынды. Экс-президенттің туыстары да жинақтарымен бөлісті. «Халық» қоры (Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева) 12 миллиард теңге аударды, Елбасының ағасы Болат Назарбаев бір миллиард теңге, ал Назарбаев Қоры 500 миллион теңге берді.

Тимур и Динара Кулибаевы

Болат Назарбаев

«Қазақстан халқына» қорынан қаражат күнделікті өмірде мұқтаж жандарға жіберіледі. Бірінші кезекте ауыр және сирек аурулары бар, мүгедек балалар мен ересектерге, жетім балаларға, өміріне қауіп төнген жағдайда тұратын отбасыларға, Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау немесе адамдардың өмірін құтқару кезінде қаза тапқан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен күштік құрылым өкілдерінің отбасыларына беріледі. Атаулы көмек алуға қалай өтінім беруге болатынын Қордың ресми сайтынан мына мекенжай бойынша білуге болады: qazaqstanhalqyna.kz.

Қорыта келе

Жалпысында, «қайғылы қаңтар» қорытындысы бойынша ҚР Президенті ұсынған экономикалық шаралар пакеті кірістерді елеулі түрде қайта бөлуге және әлеуметтік алауыздықты азайтуға негіз болуы тиіс. Бір жағынан, бұл ең белсенді билік бастаған анти-олигархиялық революция сияқты.

Соны жүзеге асыру мүмкін бе? Олигархтарды мемлекеттік шешімдер қабылдаудан алшақтатып, азаматтық қоғамның саяси рөлін күшейтуге бола ма? Билік ірі компанияларды сыртқы нарықта жеке пайда табу арқылы Қазақстанның мүдделеріне қайта бағдарлауға мәжбүрлей ала ма? Елде ірі капиталдың құдіретіне кедергі келтіретін саяси тепе-теңдік жүйесі пайда бола ма? Уақыт көрсетеді. Бірақ бірінші қадам жасалды. Осындай өзгерістер мен жаңа саяси конфигурация үшін заңнамалық базаны Қазақстан Республикасының Конституциясында бекіту көзделіп отыр. Конституцияға өзгерістер енгізу туралы Референдум 2022 жылғы 5 маусымда өтеді.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте