Тоқаев балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлық зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдатуды талап етті
Сонымен қатар, Қазақстанда зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу қажет деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық — зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдатуды талап етемін", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. — Өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығы да маңызды. Білім беру мекемелерінде психологиялық қолдау қызметін институционалдық күшейту, Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылық пен қорқыту құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу талап етіледі".

