Тоқаев Қазақстандағы туризм туралы: біз басқа мемлекеттерден артта қалып отырмыз

1 сентября 2023, 5:27
Сейчас читают:

Президент Қазақстан халқына Жолдауында туристік саланың дамуы туралы айтты деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

"Еліміздің туристік әлеуетін іске қосу қажет. Туризм саласында серпінді жобалар іске асырылуы тиіс. Өкінішке орай, осы маңызды салада әлі де елеулі табыстар жоқ, біз басқа мемлекеттерден артта қалып отырмыз", — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жалпы, оның айтуынша, кем дегенде нақты 15 ірі жоба  қажет. 

"Өткенде жіберген  қателіктерге жол беруге болмайды", — деді Мемлекет басшысы. — Қолдаудың тиімді шараларын және іске асырудың нақты мерзімдерін анықтау қажет. Бұл жобаларды жүзеге асыруға шетелдік инвесторларды да, отандық бизнесті де белсенді түрде қосу қажет".

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте