Шығыс Қазақстанда ТЖ қызметі алдағы жылыту маусымына дайындалуда
Дайындық аясында өрт жағдайларын болдырмау, адамдардың, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары арасында тілсіз жаудан өлім құшу тәуекелдерінің алдын алуғ мен оны төмендетуге басымдық берілді.
ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында төтенше жағдай комиссиясының кезекті отырысы өтті. Облыстық департамент бастығының орынбасары Серік Амангелдиннің мәліметінше, жылдың өткен кезеңінде Шығыс қазақстан облысы бойынша 449 өрт жағдайы тіркелген, оның 306-сы – тұрғын үй секторында. Жеке сектор аумағында болған өрт салдарынан 13 адам ажал құшты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31%-ға аз. Сонымен қатар жыл басынан бері улы газбен уланудан тоғыз адам зардап шегіп, сегіз адам көз жұмды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8 есеге артты.
– Өскеменде, Катонқарағай, Шемонаиха және Ұлан аудандарында өрт шықпай, улы газбен уланып көз жұму фактілері тіркелді, – деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер. – Шілде айынан бастап департамент 2022/2023 жылға жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бастады. Жұмыстың негізгі бағыты өрттердің, халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы, оның ішінде жер үйлерде тұратын адамдардың өлімін алдын алуға және туындау тәуекелдерін төмендетуге бағытталған. Мұндай 3724 үй бар. Глубокое, Шемонаиха, Зайсан, Ұлан, Катонқарағай аудандарында улы газ датчиктерін сатып алуда жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмыста ілгері басушылық байқалатынын айта кеткен жөн.
Сондай-ақ Серік Амангелдин өз сөзінде шаруашылық объектілері аумақтарындағы су көздерінің жай-күйі туралы айтып берді.
– Тексеру барысында облыс бойынша 5518 өрт гидранттарының (ӨГ) 1442-сі немесе 26%-ында ақау бар екені анықталды, бұл ретте 285 өрт гидранты табылған жоқ. Олар бөлшектелді, көмілді және тағысын тағы, – деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. – Сонымен қатар, жалпы облыс бойынша 433 өрт гидранты жоғалған, облыстағы 17 нысан ақауы бар өрт гидрантымен пайдаланылуда. Бұзушылықтарға жол берілгені үшін ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 10-ына ескерту түрінде жаза қолданылып, бір адамға 43755 теңге айыппұл салынды. ӘҚБтК-нің 359-бабына сәйкес (су шаруашылығы құрылыстарын, құрылғыларын және сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерін бүлдіру, оларды пайдалану қағидаларын бұзу) шаруашылықтағы ауызсу және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын төрт ұйымға айыппұл салынды.
Облыста дала өрт жағдайларымен күресу үшін қажетті өрт сөндіру бекеттерін құру мәселесі де өзекті.
– Бүгінгі таңда тек 34 бекет жұмыс істейді, бес бекетте техникадан ақау шықты, екеуінде штат жоқ, – деп атап өтті ШҚО Төтенше жағдай департаментіндегілер. – Бүгінгі таңда тағы да он өрт сөндіру бекетін құру қажет. Сонымен қатар, Департамент жергілікті атқарушы органдарға өрт сөндіру бекеттерін құру үшін есептен шығаруға жататын өрт техникасын (бар болса) бөлу практикасын жалғастырды. Бұл шаралар бюджетке түсетін жүктемені азайтуға және шалғайдағы елді мекендер мен дала алқаптарында өрт сөндіру жөніндегі заңнамалық нормаларды толыққанды іске асыруға ықпал ететін болады.
Өз кезегінде, ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Андрей Измайлов газ жарылысының негізгі себептері газ баллондары мен құрылғыларын пайдалану талаптарының бұзылуы, газ жабдығының жалғағыш құбырларының жай-күйі, тұрмыстық баллондардың жағдайы және ақауы бар газ жабдығын пайдалану салдарынан деді. Андрей Измайлов көпжылдық мәселені де сөз етті. Үйішілік газ жабдығын пайдаланатын газ желісі ұйымдары оның сақталуы мен жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті екендігін баса айтты. Тұрғын үй инспекциясының құрылуы бірнеше жыл бұрын іске асырылған. Бірақ газды дұрыс пайдаланбауды «қадағалайтын» бақылаушы органның беталысы өте баяу, сондықтан кей бұзушылықтар қаз-қалпы сақтаулы.
Қорытынды бөлімде күшті әсер ететін улы заттарды (КӘУЗ) өндіретін және сақтайтын өндірістік объектілердің қауіпсіз реагенттерге көшу мәселесі қозғалды. Технологиялық процестерде қолданылатын негізгі күшті әсер етететін улы зат – хлор. Өйткені ол халықты ауыз сумен тазартуға және қамтамасыз етуге мақсатында пайдаланылады. Былтыр екі тазарту су қабылдағышында және бір қауіпті өндірістік объектіде осындай жұмыс жүргізіліп, өз процесінде КӘУЗ пайдалануды болдырмады.

