ШҚО ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Алматыдағы жәрмеңкеге 46 тоннадан астам өнім әкелді
Жәрмеңке Алматы қаласында Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындарының қатысуымен 15-16 қазанда өтті деп хабарлайды YK-news.kz.
Глубокое, Катонқарағай, Зайсан, Ұлан және Шемонаиха аудандарынан, сондай-ақ Алтай ауданынан келген тауар өндірушілер алматылықтарға 20-дан астам өнім атауын ұсынды. Жалпы салмағы 46,1 тоннаны құраған ет, бал, күнбағыс майы, қымыз және басқа да өнімдері жүз миллион теңгеден астам сомаға апарылған екен.
— Біз қаламыздың сөрелерінде Шығыс Қазақстаннан әкелінген сүйікті өнімдерін көргенімізге қуаныштымыз. Өзіміз де сол көркем өлкенің тумалары болғандықтан, жәрмеңке туралы ести салысымен, бірден келдік, — деп бөлісті Алматы қаласының тұрғыны Балжан Шаяхметова.

