ШҚО-да COVID-19-ға қарсы екпе салу қайтадан өзекті болып тұр

12 августа 2022, 11:52
Сейчас читают:

Осыдан бір ай бұрын қазақстандықтардың талайы індет толықтай жойылып, ел іргесінен кетті ме деп ойлаған. Олай болмай шықты. Тамыз айы туа салысымен елімізде күн сайын 1000 адамнан індет жұқтыру фактілері тіркеле бастады. Дәрігерлер КВИ жұқтырмаудың ең сенімді әдісі – екпе алу екеніне сенім білдірді.

Эпидемиологтар жұқпалы вирустың таралуы шамамен бір айдай жалғаса түсетіндігін болжауда. Тәжірибе көрсеткендей, қанша жерден жекелей тәсілдер қолданып, қорғанысқа көшкенмен вакцинация ауырмаудың ең тиімді жолы. Әйтсе де екпе алған адамдар да вирусты қайта жұқтырулары мүмкін, тек сырқат жеңіл формада өтеді.

– Бүгінде бар мәліметке сүйенсек, індет жұқтырудың өсімі байқалса да, барлығы бірдей төсек тартпағандықтарын аңғартады. Әйткенмен қандай жағдай болсын, барлығы да денсаулық сақтау саласына сынақ ретінде қабылдануы мүмкін. Сол себепті бәріне дайын болу керек, – деді эпидемиолог-дәрігер Иван Мещеряков. – Пандемияға күрес кезінде вакцина алып, жағдайды жеңілдеткен көпшілікке алғыс білдіргім келеді. Мәселен, екпе алған азаматтар антиденеге ие болып, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына барып, иммундық плазма тапсыру үшін жүгінді. Науқас адамдарға осылай көмек беріп, тағы бір мүмкіндік сыйлады. Шынымен екпе алғандар вирустың қоғамда таралмауына ықпал етті. Себебі, індет жайылатын шеңбер де барынша тарылған еді. Қазіргі уақытта республикада тар контингент (дәрігерлер, күштік құрылым, педагогтер мен мемлекеттік қызметкер) үшін ревакцинация мен қайта ревакцинациялау бойынша бағдарламалар кеңейтелді. Ревакцинациядан вакцинациялаудың негізгі курсын алған соң алты айдан кейін өту қажет. Тек осылай толық ем жасалған соң барып инфекция таралуының алдын алуға болады.

Пандемия білім жүйесіне де соққы болып тиді. Себебі, мәжбүрліктен қашықтан оқуға көшу көп дүниеге өзгеріс әкеліп, мектептердегі оқушылардың білім деңгейін күрт төмендетті. Мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова тұтас сынып пен сол ауысымдағы оқушылардың 30 пайыздан астамы ауырса, қайта карантинге жабу жағы әлі күн тәртібінде тұрғанын мәлімдеді. Барлық шешім індет өршуіне қарай шығарылады деді. Мұндай жағымсыз сценарийді тек екпе алып қана тоқтату орынды екенін алға тартты.

– Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға «Комирнати» екпесін салуға рұқсат етілген. Мұны өндіруші – өздеріңізге белгілі «Pfizer» компаниясы, – деді Иван Мещеряков. – Біз балаларды былтыр қараша айынан бастап вакциянациялай бастадық. Екпе салу жоғары қарқында жалғасты. Сол қарқынды жоғалтпауды жөн деп санадым. Себебі, өтпелі кезең кезінде жасөспірімдер өзге де адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Әсіресе, көпшілік жан-жаққа ағылған жаз кезінде. Қарым-қатынастың көбеюі қауіпке апарады, вирус жұқтыру ықтималдығы артады. Егер ата-анада екпе салуға мүмкіндік болса, оны жүзеге асырған дұрыс. Сонымен қатар балаларды заманауи ревакцинациялауға болатынын да есте сақтаған дұрыс.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте