ШҚО-да жастар мен зейнеталды жасындағы жандар жұмысқа орналастырылмақ

12 августа 2022, 10:08
Сейчас читают:

Шығыс Қазақстанда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бойынша Ұлттық жобаны дамыту жүзеге асырылып келеді. Соның аясында «Күміс жас» бағдарламасына сәйкес зейнеталды жасындағы адамдарды жұмысқа орналастырып бастады. Мұнымен қатар 29 жасқа дейінгі жастарды жұмысқа тартуға көңіл бөлінуде, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов айтты.

– Биыл «Күміс жас» бағдарламасы бойынша тиісті демалыс мерзіміне екі жыл таяған зейнеталды жасындағы тұрғындар назарына жоба жұмысын бастады. Соған орай қажетті жинақ сомасын жинауларына мүмкіндік туындайды. Бұл бағдарлама бойынша биыл 287 адамды жұмысқа орналастыру жоспарда бар, қазіргі уақытта 10 адам жұмыс істеп жүр, – деді ол.

Одан бөлек, жауапты тұлға жұмысқа орналастыру бойынша бағдарламаның мерзімі ұзартылғанын айтты. Яғни, «Жастар практикасы» – жарты жылдан 12 айға дейін», «Алғашқы жұмыс орны» – быр жылдан 18 айға дейін». «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына қатысушылардың жасы 29-дан аспауы керек. Бұдан бөлек, жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар бар.

Жоба қатысушыларына мемлекеттік бюджеттен бөлінетін субсидияға байланысты төленетін еңбекақы мөлшері де артқан. Нақты айтсақ, «Жастар практикасы» бойынша – 76575 теңгеден 91890 теңге, «Алғашқы жұмыс орны» бойынша – 61260 теңгеден 91890 теңгеге дейін.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте