ШҚО-дағы елдімекендерде сумен жабдықтау мәселелері шешімін табуда
Глубокое ауданына қарасты Белоусовка ауылында тұрғындар судың жиі өшіріліп тастайтындығына жиі шағымданып тұрады. Шенеуніктердің сөзінше, жағдайдан хабардар. Бұдан бөлек, үйлер мен пәтерлерге жеткізілетін ауызсу мәселесін толықтай реттеу үшін жоба да дайын, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
Брифинг кезінде аудан әкімі Лұқбек Тумашиновқа сумен жабдықтау бойынша сұрақ қойылды. Жауапты тұлға жағдайға байланысты ойын ортаға салды.
– Су құбыры желісі ауылдан 130 шақырымнан астам жерде. Инфрақұрылым кеңес өкіметінен бері жаңартылмаған. Құбырдың бір бөлігі – жаңа бағыт, бірақ жұмыс сапасы көңіл көншітпейді. Жаңа бағытты жалғай бастағанда құбыр жарылады. Бұл ретте жөндеу жұмыстары жиі жалғасады. Су қоймасын толтыру кезінде мәселелер туындайды. Жаз уақытында тұрғындар бақшасын жиі суғарады, сол себепті қойма кеуіп қалады. Жиі ұшырасатын сұрақтардың бірі осы, – деді әкім.
Аудан басшысы жоспарлы түрде суды өшіру мен құбырлардың жарылуы туралы ақпараттар уақтылы ұсынылып отыратындығын жеткізді. Сондай-ақ бұл мәселені шешу күн тәртібінде тұрғанын айтты.
– Биыл тағы бір ұңғыманы бұрғылап, Подхоз шағын ауданына тарттырдық, – деді Елдар Тумашинов. – Ол жақта сумен жабдықтау өзекті мәселе еді. Қазір жағдай сәл де болса түзелді. Дегенмен жаңа құрылыстар төңірегінде түйіткілдер туындады. Ол жақта көпқабатты үйлер көп және су қоймасының босап қалуына байланысты қысым төмен. Осы себепті те жоғары қабаттағы үйлерге су жеткізу қиын. Өткен демалыста жылыту маусымына дайындық жүргізіп, Глубокое, Алтай және Белоусовка кенттерінде жылу қосылды. Жұмыс аяқталған соң негізгі күш Белоусовка жұртын сумен жабдықтауды шешуге бағытталмақ. Жобалық-сметалық құжаттама әзір, облыс әкімі бұл жобаға қолдау білдірді. Жұмысты келер жылдан бастап қолға алмақпыз.
Аудан әкімінің сөзінше, Белоусовкадағы су мәселесін шешу бюджеттен 190 миллион теңге қаржы бөлуді қажет етеді.

