ШҚО-дағы май экстракциялау зауыты жуық арада толықтай жұмысын бастауы мүмкін

11 октября 2022, 8:24
Сейчас читают:

Ресми мәліметке сүйенсек, Глубокое ауданындағы Предгорное ауылында жұмыс аяқталуға жақын. Өндірістің іске қосылуына аз қалды, бір бөлігі жұмысын бастап кеткен, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Биыл Глубокое ауданындағы Предгорное ауылында күнбағыс қана емес, рапс пен зығыр сияқты өзге де майлы дақылдарды өңдейтін кәсіпорын салынып бітті. Облыс әкімі Даниал Ахметов осыған дейін айтып өткендей, жаңа май экстракциялау зауытының қуаттылығы жылына 400 мың тонна майды қамтымақ.

– Бұл қазақстандық және халықаралық ең заманауи технологиялар сәтті жинақталған бірегей кәсіпорын. Аталған зауыт шаруагерлерге майлы дақылдар көлемін арттыру үшін егістікке қолайлы алқаптар құрылымын қайта қарауға мүмкіндік береді, – деді өңір басшысы.

Оның сөзінше, жаңа өндіріс шикізатын Шығыс Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде, тіпті Ресейден де сатып алу жоспарлануда. Соныме қатар зауытта 300 адамға жұмыс орны ашылады делінген болатын.

Қазан айының 4-і күні Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында Елдар Тумашинов зауыт іске қосудың соңғы сатысында тұр деген еді.

– Зауыттың бір бөлігі жұмысын бастап кетті, алайда толыққанды жалғасын табу әзірге мүмкін болмай тұр, – деді Елдар Тумашинов. – Қазір іске қосу мен жөндеу жұмысы қолға алынған. Сәтін салса, биыл жыл бітпей немесе келер жылдың басында зауыт толық жұмыс істейді.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте