ШҚО-ның кей аудандарында жел мен күн электр станциясы салынуы мүмкін
Құрылысты бастамас бұрын мамандар бірқатар тұстарын анықтап алмақ, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
Қазан айының 10-ы күні Даниал Ахметов кеңейтілген аппарат отырысын өткізіп, бірқатар тақырыптар талқыға түсті. Соның бірі – жаңартылған энергия көздерін дамыту.
– Алтай және Катонқарағай аудандары үшін ГЭС жобалары бар, – деді Даниал Кенжетайұлы. – Бұдан бөлек, Ұлан, Глубокое және Күршім аудандарында жел мен күннен қуат алатын электр станциясының құрылысына қатысты туындаған сұрақтарды сараптауды тапсырдым. Күршімдіктер үшін айтарлықтай маңызды. Себебі, көпір салынып бітсе, тұрғындар мен олардың бизнестері үшін электр қуатына деген сұраныс артады.

