Партиялық тізімдер бойынша ҚР Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсынған партиялар үшін ақпараттық хабарлама

25 ноября 2020, 4:07
Сейчас читают:

Сайттың меншік иесі болып саналатын «Регион» Баспа үйі» ЖШС саяси партияларға yk-news.kz сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңдарын беру шарттары туралы хабарлайды.

Жалпы шарттар

Баспа алаңдарын беру газеттің меншік иесі мен саяси партияның тиісті уәкілетті өкілі арасында жасалған баспа алаңдарын беру туралы жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады.

Саяси партияның тиісті уәкілетті өкілінің жазбаша өтініші баспа алаңдарын беру туралы шарт жасасу үшін негіз болып саналады.

Осы жазбаша өтініште мыналар болуға тиіс:

  • жазбаша өтініштің тіркеу нөмірі, күні және уақыты;
  • Саяси партияның уәкілетті өкілінің Т. А. Ә.;
  • сұратылған баспа алаңы және үгіт материалдарының нысаны туралы ақпарат;
  • саяси партияның уәкілетті өкілінің қолы.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

  1. Саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. Өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
  3. Суреттері үгіт материалдарында пайдаланылатын адамдардың жазбаша рұқсаттары.

Саяси партиялардың уәкілетті өкілдерінен жазбаша өтініштер саяси партиялардың тізімдерін тіркеу аяқталған сәттен бастап 2021 жылғы 08 қаңтар сағат 18-ге дейін қабылданады. Өтінішті мына мекенжайға әкелу қажет: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 87/4, «Мой город» газетінің кеңсесі.

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын жариялау кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен не олар бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе тастау тәртібі мен шарттарын газет дирекциясы анықтайды.

Үгіт материалдарының орналасқан жерін газет дирекциясы анықтайды.

Барлық сайлау алдындағы үгіт материалдарында олардың ақысы, материалдарды шығаруға жауапты адамдар, қаржыландыру көздері, ақпарат берген адамның тегі туралы ақпарат болуға тиіс.

Үгіт материалдары газетке жариялануға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Үгіт материалдары баспа түрінде беріледі не электрондық жеткізгіштегі редакцияда басылады және оған саяси партияның уәкілетті өкілі қол қояды.

Газет дирекциясы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзу анықталған жағдайда үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

 

Төлем мөлшері мен тәртібі

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру бағасы:

Мақалалар

5 000 белгіге дейін 50 000 теңге ҚҚС есебімен,

5 000 белгіден 70 000 теңге ҚҚС есебімен.

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын дайындау құны:

5 000 белгіге дейін 20 000 теңге ҚҚС есебімен,

5 000 белгіден 30 000 теңге ҚҚС есебімен.

Фотографтың жұмысы 10 000 теңге.

Бейнероликтер (30 секундқа дейінгі) - ҚҚС есебімен 50 000 теңге.

Бейнероликтер (30 секундтан артық) - ҚҚС есебімен 70 000 теңге.

Баннерлер (Мобильді нұсқа)

Мақалада - ҚҚС есебімен аптасына 40 000 теңге;

Жаңалықтар лентасында - ҚҚС есебімен аптасына 30 000 теңге;

Баннерлер (Толық нұсқа)

Оң жақ бағанда - ҚҚС есебімен аптасына 15 000 теңге.

Орналастырғаны және дайындағаны үшін соманы тиісті сайлау қоры жүз пайыз алдын ала төлем тәртібімен аударуға тиіс.

Алдын ала төлем материал жарияланғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей газет берген шот негізінде жүзеге асырылады.

Байланыс телефондары:

70-40-12

70-40-16

70-40-36

70-40-37

+7 (705) 316-12-13

 

«Регион» Баспа үйі» ЖШС дирекциясы

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте