Қазақстанда әлеуметтік кодекске қол қойылды

4 мая 2023, 4:04
Сейчас читают:

Жаңа құжат ҚР-ның бірқатар заңдарын біріктіріп, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алуға және алдын алу жұмыстарына жаңа бағыт берді. "МГ" тілшісі Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Мусиновамен жүздесіп, кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін шығыс қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгерістер болатынын анықтау мақсатында сауалдар қойды.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 сәуірде ҚР Әлеуметтік кодексіне қол қойды. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап құжат заңды күшіне енеді. Аталмыш заң бұған дейін әлеуметтік саланы реттеген ондаған заңдар мен жүздеген заң актілерін біріктірді. Кодекс азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Үкіметтің ойластыруы бойынша, бұл заң әлеуметтік тәуекелдердің алдын алуға, алдын алу және алдын алу бағытында жұмыс істеуге тиіс. Кодекс бес бөлімнен, 200-ден астам баптан тұрады.

Әрбір адам бақылауда болады

Кодекстің ең танымал және қызықты бағытының бірі – «Отбасының сандық картасы». Өңірде бұл жоба өткен жылы пилоттық режимде іске қосылды, сондықтан оны тың жаңалық деп атаған дұрыс емес. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап цифрлық платформа толық күшінде жұмыс істей бастаған. Ол, шын мәнінде, барлық ақпараттық Мемлекеттік базалардың деректерін біріктіретін агрегатор іспеттес.

—  Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан аумағында тұратын әрбір отбасының әлеуметтік портреттері қолымызда. Бұл Цифрлық платформа әр отбасының белгілі бір мемлекеттік қызметтерге деген қажеттілігін өзі анықтайды, — деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Мусинова.

Енгізілген деректерге сүйене отырып, жүйенің өзі белгілі бір отбасы дағдарыс жағдайында немесе оған жақын деңгейде екендігін анықтайды. Мұнан соң жүйе қорытынды деректі ерекшелеп белгілеп, мәлімет жауапты қызметкерлерге хабарланады.

— Осылайша, біз өңірде қандайда бір елді мекенінде табысы төмен, бірақ белгілі бір себептермен мемлекеттік көмектің тиісті түрлерін ала алмай отырған отбасы тұратындығын бірден көреміз. Барып, осы отбасымен жұмыс істей бастаймыз, — деп толықтырды Альмира Әскерханқызы.

Дабылды тек мемлекеттік органдардың қызметкерлері ғана қабылдамайды. Жүйе мемлекеттен қолдау алуға үміткер адамдарға да SMS-хабарлама жолдайды. Осылайша, адам дереу түрде жәрдемақыны белсенді түрде рәсімдей алады.

Өткен жылы жаңа жүйенің көмегімен аймақта дағдарысқа ұшыраған 13 отбасы анықталды. Олардың жетеуі бойынша деректер расталса, ал қалғандарымен басқарма қызметкерлері жұмыс істеп, жәрдемақыларын рәсімдеуге көмектесті.

— Бұл өте ыңғайлы. Біз күнделікті "Сандық картаны" қадағалап отырамыз. Барлық мемлекеттік органдардың базалары осы жерде шоғырланып, уақтылы жүйедегі деректер өзінен-өзі жаңартылып тұрады. Сондықтан біз көмекке мұқтаж адамдарды уақтылы және үй-үйді араламай-ақ көре аламыз, — деп түсіндірді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

Нақты іс-шаралар

ШҚО-да 27 636 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Оның 2892-і кәмелетке толмаған.

— Әлеуметтік кодекс аясында ірі интернат үйлеріндегі мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуден әлеуметтік қызмет көрсетудің шағын жинақталған ұйымдарында қызмет көрсетуге кезең-кезеңімен көшу жоспарлануда, — дейді Альмира Әскерханқызы. — Бұл дегеніміз арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің жаңа стандарттарын әзірлеуді көздейді. Қазір ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативтерін енгізу мәселесін пысықтауда.

Бұл екі механизмді де облыс тұрғындары іс жүзінде көрген. Мәселен, жан басына шаққандағы қаржыландыру тәсілі мектептерде қазір қолданыста. Шағын жинақталған әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының тамаша үлгісі ретінде "DEMEY" оңалту және түзету орталығын, «Мүгедектер қоғамы Мархабат.kz» АБ, «Незабудка» әйелдерді қолдау орталығы және басқаларды атауға болады.

— Әрине, мұндай тәсіл бізге мүгедектігі бар адамдарды кеңірек қамтуды қамтамасыз етуге көмектесіп, неғұрлым атаулы және нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді, — дейді кейіпкеріміз.

Әлеуметтік кодекстің тағы бір маңызды аспектісі - мүгедектерге берілетін техникалық құралдардың жіктелуін қайта қарау. Бұл күрделі тұжырымдама оңалту құралдарын берудің шекті бағаларын, сапасы мен нормаларын түзетуді меңзеп отыр. Оңалту құралдарына креслолар, есту аппараттары, тифлотехника, гигиена құралдары және т.б. жатады.

— Инфляцияға байланысты барлық тауарлар мен қызметтердің құны үнемі өсуде, ал жіктелу бойынша баға тұрақты болды. Бұл, әрине, тауарлардың сапасына да әсер етеді, — деп түсіндірді Альмира Мусинова.

Ұсыну талаптарына келетін болсақ, бұл жерде оңайырақ.

— Мәселен, памперстер делік. Егер бұрын бір адамға бір күнде екі дана болса, шілде айынан бастап олардың саны төрт данаға дейін артады, — дейді басқарма басшысы.

Көмек көрсететін адамдар туралы

Бірінші топтағы мүгедектер үнемі күтім мен көмекке мұқтаж. Көбінесе мүгедектерге олардың туыстары қарайды. Бірақ егер бұрын көмекшілер қиын жағдайға тап болса - әлеуметтік пакеті болмаса және ақша табу мүмкіндігінен айырылса, енді олардың жағдайлары қарастырылады.

Мәселен, өткен жылдан бастап мүгедектігі бар туыстарына күтім жасаумен айналысатын адамдарға жеке көмекшілер немесе әлеуметтік қызметкерлер ретінде тіркелуге рұқсат етілді. Ал 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектігі бар адамға күтім жасау еңбек өтілі ретінде есептелетін болады. Тиісінше, бұл зейнетақы төлемдерінің түсуіп, мүмкіндігі шектеулі жақынына күтіп жасап отырған адамның әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.

«Сырттан» келетін әлеуметтік қызметкерлерге қатысты да өзгерістер күтілуде.

— Мүгедектігі бар адамдарға және жалғыз тұратын зейнеткерлерге әлеуметтік қызметкерлерді өз бетінше таңдау құқығы беріледі. 2025 жылдың қаңтарынан бастап жаңа тізілім құрылып, мұнда қызметкерлердің біліктілігі, олар ұсынатын қызметтердің түрлері және осы қызметтердің сапасы туралы ақпарат салынады, — дейді Альмира Әскерханқызы.

Әлеуметтік жұмысқа тек сертификатталған мамандар жіберілетін болады. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкерлер үшін жұмыс берушілердің қызметкердің білім, дағды және дайындық деңгейіне қойылатын талаптарын көрсететін арнайы стандартын әзірлеу жоспарлануда.

Айта кетейік, қазір Шығыс Қазақстанда 657 әлеуметтік қызметкер тіркелген. Олар үш жыл сайын аттестациядан өтеді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының айтуынша, кадр тапшылығы жоқ, штат толық қамтылған.

Кішкентайларға үлкен көмек

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлер тегін санаторий-курорттық емделуге құқылы. Бірақ психикалық ауытқулары бар балалар мұндай қызметті пайдалана алмаған. Жаңа нормалар бойынша балалар да мемлекет есебінен сауықтыру мекемелері мен курорттарға бара алатын болады.

— Атап өтерлігі, ақыл-ой кемістігі бар баланы анасынсыз емдеуге жібере алмайтынын түсінеміз. Сондықтан жеке еріп жүрушінің қызметтері көзделетін болады. Яғни, мемлекет барлық қаржылық шығындардың 70 пайызын өтейтін болады, — деп нақтылады Альмира Мусинова.

Айта кетейік, көрсетілетін қызметті алушы қолжетімді нұсқалар тізімінен санаторий-курорттық емдеу нұсқасын өз бетінше таңдай алады.

Жаңа кодекс аясында балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету қағидаты өзгереді. Облыста көмектің бұл түрін бір жастан алты жасқа дейінгі 2 758 бала алады.

— Атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын отбасылар бұрын азық-түлік жиынтығы түрінде кепілдендірілген әлеуметтік пакет алған. Осы жылдан бастап көмек ақшадандырылған болады. Яғни, азық-түліктің орнына отбасыларға бір балаға 5 175 теңге көлемінде ақша беріле бастайды, — дейді басқарма басшысы.

Альмира Мусинованың айтуынша, көп балалы аналар бұл туралы көптен бері өтініп, ашық диалог алаңдарында бірнеше рет сұрақ қойған болатын. Өйткені, жиынтықтағы өнімдер тізімі әмбебап емес еді.

— Олар ай сайын балалар жемейтін дәнді дақылдарды бергеннен гөрі, балалары жегісі келетін азық-түлік бергенімізді қалады, — деп түсіндірді сұхбаттасушымыз.

Маңызды! Әлеуметтік кодекс көп қырлы құжат болып табылады. Бұл мақалада Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жетекшілік ететін жаңалықтардың бір бөлігі ғана ұсынылды.

Жаңа құжат мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көп балалы отбасыларға және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету шараларынан басқа, салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру, азаматтардың еңбек қызметі және т.б. мәселелерін де қозғайтындығын атап өткендігіміз жөн.

Елизавета Седых

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте