Үлестік қатысу әдісімен тұрғын үйді сатып алудың дұрыс жолы
Пәтер мәселесін шешу бойынша Қазақстанда уақыт өткен сайын танымал бола бастаған тәсілдің түрі - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алу. Бұл әдіс қазақстандықтарды өзінің басты артықшылығы болып табылатын, дайын жылжымайтын мүлікпен салыстырғанда үлестік қатысу бойынша құрылыс бағасының арзандығымен өзіне тартуда. Бұл процестің қыр-сыры мен астыртын ерекшеліктері туралы ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК) егжей-тегжейлі айтып берді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығы өсуде, сондай-ақ еліміздің ірі қалаларында халықтың өсуі бақылануда.
Пәтер мәселесін шешу кезінде Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу барған сайын танымал тәсілі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу болып табылады. Бұл әдістің дайын жылжымайтын мүлікпен салыстырғанда басты артықшылығы неғұрлым қолжетімді бағасымен тартады. Құрылыстың бастапқы кезеңінде дайын нысандағы тұрғын үй құнынан айырмашылығы орта есеппен 20-30% құрайды.
Алайда, тұрғын үй сатып алудың тиімді шарттарына қарамастан, әрбір әлеуетті сатып алушы құрылыс салушылар жергілікті атқарушы органның рұқсатын немесе «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігін алғаннан кейін ғана ақша қаражатын тарта алатынын білуі тиіс. Мұндай талаптар Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңында жазылған. Сонымен қатар, сатып алушымен міндетті түрде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасалуы тиіс. Бұл туралы құрылыс салушымен қандай да бір құжаттарға қол қоймас бұрын білу керек, өйткені кейбір компаниялар азаматтардың ақшалай қаражатын брондау, алдын ала алу-сату, инвестициялау және т.б. шарттар жасасу сияқты заңсыз тәсілдермен тартады. Шарттардың бұл түрлері тұрғын үй алуға кепілдік бермейді.
Бұған қоса, бір тұрғын үйді екі есе сатудың айтарлықтай қаупі бар, өйткені жасалған шарттардың орталықтандырылған есебі жоқ. Үлестік құрылыс кезінде қосарланған сату тәуекелін болдырмау үшін «Қазрестр» бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылды. Мұнда құрылыс салушылар үлестік қатысу туралы шарттарды, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тіркейді.
Үлестік қатысу шартында тұрғын үй объектісі туралы толық ақпарат, оның ішінде құрылысқа рұқсат беру құжаттамасы, жоспарлау құжаттамасы, техникалық шарттар, құрылыстың аяқталу мерзімі, тұрғын үй құны және төлем тәртібі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үлестік қатысу үш тәсілмен ұйымдастырылады:
- Бірыңғай оператордан кепілдік алу («Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ бірыңғай операторымен кепілдік шартын жасуға міндетті)
- Екінші деңгейлі банктің жобаға қатысуы
- Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылған кейін үлескерлердің ақшасын тарту (құрылыс салушы үлескерлердің қаражатын тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алуға міндетті) тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады.
Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн белгiлейдi.
Алдын ала сақтандыру мақсатында әлеуетті сатып алушылар шарт жасасу кезінде үлескерлердің қаражатын тартуға, сондай-ақ объектінің құрылысына барлық рұқсат құжаттарының бар екеніне көз жеткізуі қажет.
Осы Заңды неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу салымшыларға үлестік құрылысқа қатысу құқықтарымен және құрылыс салушы тарапынан міндеттермен танысуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының аумағында «ВВД-Құрылыс» ЖШС атынан бір ғана құрылыс салушының «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі бар екенін атап өтеміз.
Н. Нұрланұлы

