Ұландық паралимпиадашы облыс әкімінің алдында инватакси мәселесін көтерді

11 августа 2023, 15:25
Сейчас читают:

Облыс намысын республикалық, әлемдік жарыстарда абыроймен қорғап жүрген Ардақ Нұрмағамбетовтің сөзінше, сатып аламыз деген уәде жылда беріліп келеді, деп хабарлайды YK-news.kz сайтының тілшісі.

Сағыр ауылының тумасы аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инватакси тапшылығы қиындық келтіретінін жеткізді.

“Өзім пара тенниспен айналысамын. Уәделер жылда беріледі, бірақ орындалмайды”, — деді спортшы.

ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағылардың сөзінше, бұл мәселені шешу үшін 29 млн теңге бөлінген.

“Ұлан бойынша мүгедектігі бар адамдар саны — 1478. Оның ішінде 174-і 1-топтағы, 103-і кәмелетке толмағандар. Осы 103 баланы облыс орталығы аралығында тасымалдау қиындап барады. Себебі, ауруханалар мен оңалту орталықтарына барып, жиі ем-дом қабылдайтындары бар, көп уақыт жоғалтады. Осы себепті, тиісті бюджеттік өтінім жіберілді. Оң нәтиже шығып, қаражат бөлінсе, инватакси Ұлан ауданына бөлінеді”, — деді басқарма басшысы.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте