Өскеменде Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткіші ашылды

10 сентября 2022, 11:16
Сейчас читают:

Облыс орталығында Кеңес Одағының батыры, еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы» Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткіші салтанатты түрде ашылды.

Аты аңызға айналған генерал Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы – ерлік пен Отанына деген ыстық махаббаттың айқын көрінісі. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құрып, оны дамытуда өлшеусіз үлес қосқан жанды еске алуға оның ұрпақтары, қоғам қайраткері, ҚР ҚК ардагерлері, сондай-ақ еліміздің қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Руслан Шпекбаев, ҚР ҚК ардагері, «Халық Қаhарманы» Бақытжан Ертаев және басқалары келді.

– Сағадат Нұрмағамбетов Қазақстанның Тәуелсіздігі қарсаңында еліміздің қорғаныс саласының іргетасын қалады. Ол – еліміздің бірінші Қорғаныс министрі және солай қала бермек. Орасан зор беделі мен жоғары кәсіби қасиеттерінің арқасында командалық құрамды, техникалық базаны сақтап, Қарулы Күштер құрылымын қалыптастырып, әскери қызметшілердің патриоттық рухын көтере алды. Сағадат Қожахметұлы Отан алдындағы ерен еңбегі үшін мемлекет тарихында тұңғыш рет «Халық Қаһарманы» атағына ие болды. Оған Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері тарихында тұңғыш рет «Армия генералы» деген ең жоғары әскери атақ берілді, – деді Даниал Ахметов.

Генералдың немересі Айжан Нұрмағамбетова туыс-туғандарының бұған бек қуанышты екенін, Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі ұмытылмайтынын айтты.

Ескерткіш Өскеменнің сол жағалау бөлігінде ашылған жаңа парктің орталығында орнатылған.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте