ШҚО хирургтері сирек кездесетін ісікті алды

8 сентября 2022, 11:09
Сейчас читают:

Тақырып жүз мың адамның біреуінде ғана кездесетін жүрекқап жылауығы (киста перикарда) жайлы, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Дәрігерлер айтып өткендей, перикардтың жылауық түріндегі түзілімдері «кездейсоқ табу» болып саналады, өйткені бастапқы кезеңдерде олар көбінесе симптомсыз күйде дамиды және адамдар мұны байқай бермейді.

– Алғашқы белгілер, әдетте, жанындағы органдарға қысым жасайтын жылауықтың өскенін көрсетеді. Бұл ентігу, кеудедегі ауырсыну, жаттығу кезінде жөтелу және жүрек қағысының бұзылуы, – деп атап өтті мамандар.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жайтпен Өскеменнің 55 жастағы тұрғыны да ұшырасқан. Үш-төрт ай бұрын кеудесінде ауырсыну, жүрек маңайындағы жайсыздық, кеуде қуысының ары жағында қысылу сезімі мазалап, арасында ыстығы көтерілген. Мұның бәрін әйел суық өтумен байланыстырды. Бірақ ауырсыну денесіне біржола тұрақтанып алғандай жиі қайталанды. Қала тұрғыны тек содан кейін ғана медициналық көмекке жүгініп, тексеруден өте бастады. Кеуде қуысының рентгені плеврит екенін көрсетті. Содан кейін әйел толық емделу курсынан өткен, бірақ толыққанды тексеріс кезінде ешқандай оң өзгерістер байқалмады. Одан кейін "экссудативті плеврит" диагнозы қойылып, туберкулезді болдырмау үшін Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонологиялық орталығына жіберілді.

– Ультра дыбыстық зерттеу жүргізген кезде 300 миллилитр көлемінде сұйықтық анықталды. Науқасқа торакоскопия жасаған сәтте  көлемі едәуір мөлшердегі жүрекқап жылауығын көрдік. Жараны ұлғайтып барып өскінді алып тастадық, – деді өз сөзінде облыстық фтизиопульмонология орталығының өкпе хирургиясы және өкпе сырты туберкулезі бөлімінің меңгерушісі Болатбек Елшібеков. – Шынымды айтсам, өзімнің еңбек жолымда жүрекқап жылауығының осындай, 18 сантиметрлік өскінін алғаш рет кезіктірдім. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қанағаттанарлықтай.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте