ШҚО әкімі «ҚР мен ҚХР арасындағы серіктестік бойынша достық диалогы» форумына қатысты
Форум барысында ҚХР-дағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен Шығыс Қазақстан арасында ары қарай серіктестікті дамытудың тетіктері қарастырылды.
«Біз шекаралық аудандармыз, әрі тату көршіміз. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» мемлекет басшылары саммитінде сөз алып, берік татулық орнатудың қос мемлекет арасындағы тұрақтылықты нығайтуға, өзара сенім мен тілеулестікті арттыру үшін аса маңызды екенін атап өтті, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. – Бүгінде ШҚО мен Қытай сенімді серіктестер.»
Аймақта 39 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп тұр, былтыр ҚХР-дың АЭС бойынша жылу бөлетін жинақ өндірісі бойынша зауыт қолданысқа берілді. Жалпы, энергетика, агросектор, сауда және туризм бағыты бойынша жобалар сәтті жүзеге асырылуда.
«Диалог алаңы қытайлық әріптестермен іскерлік байланысты бекіте түсуге мүмкіндік береді әрі инвестициялық ресурс тарту үшін қосымша сеп. Форум қорытындысында ШҚО мен ҚХР-дағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасындағы серіктестік хаттамасына қол қойылды», – деді Даниал Ахметов.

