Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ы кәмелетке толмаған Қазақстандықтардың шоттарына аударылатын болады

1 сентября 2022, 6:30
Сейчас читают:

Мұндай ұсынысты Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

— Әр отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты пайда табуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында "Ұлттық қор - балаларға" түбегейлі жаңа бағдарламасын бастау өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын олар 18 жасқа толғанға дейін балалардың арнайы жинақтау шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды ұсынамын, — деді президент.

Қасым-Жомарт Камелұлы жинақталған қаражатты кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсауға болатынын айтты.

— Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нақты жолдама береді. Қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болады және халықтың мүддесіне қызмет етеді. Осы ауқымды бастаманы мұқият пысықтау қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын, — деп толықтырды ҚР басшысы.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте