Шығыс Қазақстанда "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясындағы үй құрылысы жалғасуда
Облыс орталығы дамып келе жатқан 28 шағын ауданында ондаған жаңа үй пайда болды деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
Биыл "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында шағын ауданда тағы 43 үйдің құрылысы аяқталды. Тұрғын үйлер толығымен қоныстануға дайын. Қалалық құрылыс бөлімінің мәліметіне сүйенсек, әр үйдің ауданы — 100 шаршы метр, 10 сотық жер телімі тағы бар.
– Үйлер біртиптес. Жалғыз айырмашылығы — олардың 10-ы кірпіштен, қалғандары газоблоктан оқшаулау мен қасбеттік материалынан салынған, – деп нақтылады ведомство басшысы Қайрат Тәнекенов.
Әр үйде үш бөлмеден тұрады — ас үй, жуынатын бөлме және пеш жағатын бөлмесі бар. Соңғының кіреберісі бөлек, ішінде ұзақ жану қазандығы орнатылған. Бөлмелердің тартылған төбесі, пластик терезелері және заманауи радиаторлары бар. Жуынатын бөлмеде ванна, дәретхана және раковина орнатылған.
– Барлық үйлер орталықтандырылған электр, сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне қосылған, – деп атап өтті Қайрат Әуелбекұлы.
Қазір шағын ауданның жаңа үйлер пайда болған бөлігінде жолдарды асфальттау және тротуарлар төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, көшелерде жарықтандыру монтажы аяқталуда.
Бүгінгі таңда құрылыс бөлімінің мәліметі бойынша, 28-ші шағын ауданда 100-ден астам үй салынды. Тағы жүзден астам құрылысты келесі жылы тапсыру жоспарлануда. Кейбір үйлер қоспәтерлі болады.
Жергілікті тұрғындардың демалысы үшін шағын ауданда футбол алаңы мен ойын алаңы ұйымдастырылған. Әкімдікте хабарлағандай, егжей-тегжейлі жоспар бойынша 28-ші шағын аудан аумағында мектеп пен балабақша құрылысы жоспарланған.
Айта кетейік, жақында ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірде тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салу бойынша кеңес өткізді.
– Бейінді басқармаға салынып жатқан тұрғын үйлердің қаншасы өтпелі болатынын және келесі жылы қанша тұрғын үйді өткізу жоспарланғанын анықтауды тапсырдым. Коммерциялық тұрғын үйге ерекше назар аудару қажет, ол сұранысқа ие, – деді Даниал Ахметов. – Сондай-ақ, болашақ құрылыс учаскелерінде, оның ішінде ЖТҚ-да, атап айтқанда "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша барлық қажетті коммуникациялар мен инфрақұрылымның болуын тексеру қажет. Біз қалаған жандарға жайлы үйлердің төрт түрлі типтік жобасын ұсына аламыз.

