Феклистовка, Северный және Ермаковка ауылдарында соңғы жылдары қандай өзгерістер байқалады?
Осы үш елдімекен Алтай ауданына қарасты Северный ауылдық округінің құрамында. Тұрғындар саны небәрі 493 адам болса да даму жағынан кенжелеп тұрған жоқ. Абаттандыру бойынша да жұмыстар атқарылып жатыр.
Округ әкімі Раушан Мусоболинова айтқандай, Северный биыл мемлекеттік бағдарламаға ілінбесе де, тұрғындар ертеңгі күнге деген сенімінен айырылған жоқ.
– Ауыл әкімдігі тұрғындармен етене байланыста, әрі бұл тұрғыда көпшілікпен үнемі араласып, сәтті диалог орнату – түйткілді мәселелерді шешуде оңтайлы құралдардың бірі, – дейді Раушан Қалымқызы.
Жалпы, мұндағы тұрғындар өте белсенді. Бұлай деуімізге келтірілген ресми деректер негіз – мұнда тек екі адам ғана жұмыссыз екен. Оның өзінде, олар абаттандыру жұмыстарына атсалысып жүр.
Барлығы балалар үшін
Северное ауылдық округінде екі шағын жинақты мектеп бар. Солардың бірі Северная, екіншісі Феклистовкаға қарасты, Андрей Сумин атындағы әкімшілік орталықта. Былтыр екеуі де жылыту жүйесі бойынша жөндеуден өтті. Биыл басқа түйткілдер шықты.
– 2022 жылы «А.Сумин атындағы орта мектеп» КММ-нің шатыры жөнделді, – дейді округ әкімдігінің басшысы. – Бұған 23 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Оған қоса, оқу ғимаратында 800 мың теңгеге пластикалық терезе мен бойлер орнатылды.
Феклистовкадағы мектепті тұрғындар да мақтан етеді. Оқушылар саны аз болғанмен түрлі олимпиадалар мен онлайн-байқауларда үздіктер қатарынан көрініп жүр. Аудандық деңгейдегі сайыстардан бастап, облыстық жарыстар айта кетуге болады. Оқушылар барлығына белсенді түрде қатысады. Мәдениет үй жоқ ауылдарда көптеген шаралар мектепте өткізіледі.
– Аудандық бюджет есебінен Феклистовкада балалар алаңы орнатылды, – деді Раушан Қалымқызы. – Ал үнемделген қаржыға жасанды көгал төселді. Северный ауылының тұрғындары мен әкімдік жұмысшылары бірлесе, елдімекендегі ескі балалар алаңына қайта жөндеуден өтті. Осы ретте балалардың таза ауада алаңсыз ойнайтын жерлері бар.
Басты мәселе – баспана
Қазіргі уақытта ауылдық округте абаттандыру бойынша бірде-бір мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылмағандықтан, тұрғындар бұған өздері кіріскен.
– Бұл саладағы жұмыстардың ауқымды бөлігі жыл көлемінде сенбіліктер өткізу арқылы орындалды, – деді Раушан Мусоболинова. – Көпшілік жүретін орындарды қоқыстан тазарту бойынша екі жалпыауылдық сенбілік өткізілді. Ал ауыладстар тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеуді, сондай-ақ үй маңындағы аумақтарды тазалау мен абаттандыруды өз беттерінше жүзеге асырды. «Игі істер марафоны» акциясы аясында осы жылдың сегіз айында он іс-шара өткізілді. Соның барысында жергілікті мектептердің оқушылары мен Таулы-Үлбі орманшылығының қызметкерлері жалғызбасты зейнеткерлерге шатырлар мен аулаларды қардан тазартуға, шаруашылық жұмыстарына көмектесті.
Феклистовка ауылындағы жаңа балалар алаңы
Феклистовкада бұрыннан бері ешкі тұрмайтын үш екіқабатты үй бар. Көп жылдардан бері ешкім тұрмағандықтан, ауласын арамшөптер мен ағаштар басып кеткен. Бұлар елдімекеннің келбетін бұзып қана қоймай, балалар үшін де қауіп төндіріп тұр. 2022 жылы қирандылардан құтылу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ескі ғимараттарды бұзу жұмыстары басталды.
– Сондай-ақ қоғамдық келісім кеңесі мен ауыл тұрғындарының бастамасымен Феклистовкадағы зиратты қоршау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді, – деп толықтырды округ әкімі.
Әлеуметтік жауапкершілік аясында жергілікті кәсіпкерлер округті абаттандыру кезінде үнемі белсенділік танытып келеді.
– «Grand Fish» ЖШС балық өсіру шаруашылығының қолға алуымен ұзындығы 10,5 шақырым болатын Ермаковкаға кірме жолды кеңейту және себу жұмыстары жүргізілді, – деді Раушан Қалымқызы. – Бұдан басқа, осы маусымда «Grand Fish» ЖШС-мен осы жолды қысқы ұстау үшін шарт жасалды. «Шығыс-жол» ЖШС Феклистовкаға кіреберістің бір шақырымына шұңқырларды жөндеу бойынша жұмыс жүргізді. Сонымен қатар ауыл аумағын құрылыс қоқыстарынан тазарту жұмыстары жалғасты. Шамамен 40 тонна плита, блоктар, панельдер және тағы басқалары шығарылды. «Мелисса» ЖШС тұрмыстық қатты қалдықтардың стихиялық қоқысын қалпына келтірді.
Сонымен қатар жергілікті фермерлер мен кәсіпкерлер «Мектепке жол» шарасы аясында аз қамтылған отбасыларға, жалғыз тұратын зейнеткерлерге, тыл еңбеккерлеріне және оқушыларға көмек көрсету үшін қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға әркез бастама танытады.
Сондай-ақ Северное және Феклистовкада 15 көше жарығы ауыстырылды. Енді ескі шамдардың орнына көшелер энергияны үнемдейтін заманауи шамдармен жарықтандырылады.
Ескі шамдардың орнына Северное мен Феклистовка ауылдарында энергия үнемдейтін заманауи шамдар орнатылуда
2020 жылы округ орталығында су құбыры желілерін қайта құру жобасы іске асырылды. Осының нәтижесінде ауыл тұрғындарына таза ауызсу қолжетімді болды.
Сол жылы Северноеда блок-модульдік сорғы станциясы (БМСС) орнатылды. Дәл осындай станция өткен маусымда Ермаковкада пайда болды.
- Северноедағы БМСС қазіргі уақытта қосылған және халық оны пайдаланып отыр, ал блок-модульді сорғы станциясын Ермаковкаға қосу үшін біз мердігерлерді күтіп жүрміз, - деді әкім.
Туризмнің тетігі осында
Северное ауылдық округу орналасқан алқап бұрыннан Қазақстан көлемінде әдемі жерлер қатарына енеді. Шыршасы, тау бөктері, ирек жолдар – бәрі-бәрі Таулы Үлбіден басталады. Дәл сол жақта демалыс орындары, шаңғы базалары және жазғы балалар лагері бар. Өскемен су қоймасының жағалаулары да көпшіліке танымал. Себебі, мұнда сенбі-жексенбі күндері келсеңіз де балық аулап, өзенге қармақ салып қайтуға болады. Сондықтан жергілікті туризмді дамыту үшін округ көлемінде үнемі ерекше мән беріледі.
– Ермаковкада көптеген жылдар бойы «Grand Fish» ЖШС-нің «Форель балығын аулау» жобасы жүзеге асырылып келеді, – деп нақтылады Раушан Мусоболинова. – Сондай-ақ округте «Центр - С» ЖШС жүзеге асыратын Тесное өзеніне қарай № 5 және № 6 арқан жолдақтарының құрылысы жалғасуда. № 5 арқан 2020 жылдың қысында іске қосылды, ал № 6 арқанды биыл аяқтау жоспарлануда.
Округте арқан жолағының құрылысы жүргізілуде
Сонымен қатар, Феклистовкадағы Киров тұрғын алабында «Алтай аңыздары» Ат клубы» жобасы жүзеге асырылуда. Клубты құрушылар жылқылардың әртүрлі тұқымдарын өсіруді жоспарлап отыр: орловтың желісті жылқысы, таза қанды, ағылшын-араб, ағылшын-дон тұқымдары. Қызметтің негізгі бағыты – үйрету мен кедергілерден секіру сынды ат спортының классикалық түрлерін дамыту.
Келер күнге сеніммен
Северное ауылдық округінде тұрғындар белсенділік танытып, қанша жерден құлшыныс білдірсе де шешілмей жатқан мәселелер баршылық. Айталық, көпшілігі интернет сапасының нашарлығын айтып жиі шағымданады.
– Иә, бұл өзекті мәселе, – дейді әкім. – Феклистовкада интернет желісі өте нашар, ал Северноеда мүлде жоқ. Сол себепті бізге антенна-діңгекті құрылысқа мән беру керек.
Бұдан бөлек, Северное ауылдық окруіг басшылығының жоспарында ескі тұрғын үйлерді бұзу және Феклистовка аумағын құрылыс қоқыстарынан тазарту жұмыстарын жүргізу бар. Мұнымен қатар округ ауылдарында көше шамдарып ауыстырып, жолдарды жөндеу де қаперде тұр.
– Сондай-ақ біз Серевное арқылы ағып өтетін Смолянка өзенінің арнасын тереңдету бойынша жұмысты бастаймыз, – деді округ әкімдігінің басшысы. – Алдағы уақытта осы ауылда Street Workout алаңы орнатылады деуге де сенім мол.
Мира Круль
Фотосурет Елена БРЕДИХИНАНІКІ және Северное ауылдық округінің әкімдігі тарапынан ұсынылды