Жұмысқа шығу мүмкіндігі

13 июня 2023, 10:06
Сейчас читают:

«Алғашқы жұмыс орны» түлектерді қолдауға бағытталған жоба. Бұл жоба Шығыс Қазақстан облысында да сәтті жүзеге асырылып келеді.

Университетті немесе колледж бітіргеннен кейін жас мамандар бірден жұмысқа орналаса алмай қалуы мүмкін. Өйткені, әдетте жұмыс берушілерге тәжірибелі мамандар қажет. Сондықтан оқу орнын енді бітірген түлектерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес «Бірінші жұмыс орны» жобасы құрылды.

Аталмыш жобаға жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істейтін салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі. Әлеуметтік жұмыс орнын жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялай отырып, оларды жұмысқа орналастыру үшін құрады.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында Глубокое ауданының тумасы Алуа Жидайбекова Прапорщиково ауылындағы «Айтумай» ЖШС-на жұмысқа орналасты.

Өскемен қалалық стоматологиялық колледждін 2022 жылы аяқтап жас маман атанды. Оқуын аяқтаған соң, біраз уақыт жұмыс іздеп, тек 2022 жылдың қыркүйегінде «Бірінші жұмыс орны» жобасы аясында Прапорщиково ауылындағы «Айтумай» ЖШС-на стоматологтың көмекшісі ретінде орналасты.

— Оқу бітірге соң жас маманға жұмыс табу, әрине, оңай емес. Стоматолог мамандығы да жауапты мамандықтардың бірі. Сондықтан мен жас түлектерге қолдау көрсететін «Бірінші жұмыс орны» бағдарламасының барына қуаныштымын. Соның арқасында мен жұмысқа да орналастым, біліктілігімді арттырып тәжірибе де жинақтадым, — дейді Алуа Жидайбекова.

2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін стоматолог ассистенті болып жұмыс істегеннен кейін Өскемен қаласының «Жұлдыз» стоматологиясына тұрақты жұмыс орнына стоматолог ассистенті болып жұмысқа орналасты.

Айта кету керек, «Бірінші жұмыс орны» жобасы шеңберінде жұмысқа орналастырылғандар айына мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда кемінде 30 АЕК немесе 103 500 теңге  (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банктік қызметтерді ескере отырып) көлемінде жалақы алады.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте