Стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшысы: «Міндетті түрде жоспар құру керек!»

4 марта 2024, 7:38
Сейчас читают:

Ләйлә Мұқтағанова 40 жылға жуық цифрлармен жұмыс істеп келеді. Ол бюджет қаражатының сауатты бөлінуіне, кейін облыстың стратегиялық жоспарлауына жауапты болды. Шығыс Қазақстанның барлық ауданында болды және қай жерде ескі мектеп бар екенін, аурухана жетіспейтінін және қай ауылда әлі күнге су құбырының жоқтығын біледі. Ал қалай стратегиялық ойлауға және аудандардағы адамдардың проблемаларын көруге болатыны туралы осы материалдан оқып білуге болады. Ләйлә Уахидқызы Зайсанда туып-өскен. Оқуға Алматыға барып, Халық шаруашылығы институтына түсуге бел буды. Онда бір орынға 50 үміткерден болды! Бірақ ол үлкен бәсекелестіктен қорықпады және... оқуға түсті!

— Мен бала кезімнен цифрларды жақсы көретінмін, мектепте математика пәні мұғалімім тамаша ұстаз болды. Ол бізді жоғары деңгейге тартып, жоғары математика мектептерінің есептерін шешуге үйретті, — деп есіне алады ол. — Соның арқасында мен оқуға түсу емтихандарын Алматыда сәтті тапсырдым, кейін институтта оқуды да табысты аяқтадым.

Ләйлә Уахидқызы алдымен қаржыгер, кейін экономист болды. Оқу соңындағы бөлініс бойынша оны туған жері Зайсанға жіберді, бірақ бойжеткен ол жаққа жете алмай қалды. Облыс орталығы осындай дипломы бар жас маман өздеріне керек деп шешті. Сөйтіп, ол қаржыны басқарушы маман, одан кейін облыстың экономика мен бюджеттік жоспарлау басқармасының маманы болды. Сол басқарманың әртүрлі бөлімдерінде жұмыс істеді, соңғы 13 жыл бойы стратегиялық жоспарлау бөлімін басқарады.

— Мен өңірдің экономика саласында 40 жыл жұмыс істедім, — деп дейді ол. — Бірақ осы жылдар ішінде мен бір бөлімде ғана отырған жоқпын. Қаржы басқармасында әртүрлі салаларға — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, ауылдық округтердің бюджеттік және әлеуметтік салаларына жетекшілік еттім. Осы, соңғысы мен үшін ең қиыны болды. Бұл ауруханалар, мектептер, қарттар үйлері, мүгедек балаларға арналған интернаттар. Мен үнемі іссапарларға барып, жағдайды өз көзіммен көріп жүрдім. Кейде жылармандай болдым. Бюджеттен ақша бөлуді сұрайтын өтінімдер тек цифр ғана емес, жай сөз де емес екенін түсіндім. Олардың артында көбінесе аса қажетті құрылыс немесе күрделі жөндеу тұрады. Осы арада басымдықтарды: дәл қазір не істеген жөн және алдағы жылдарға бюджетке не салу керектігін дұрыс қою маңызды.

Ләйлә Уахидқызы Шығыс Қазақстанның барлық өңірін аралап, облыстың көптеген ауылдарында болды. Ол біздің аймақтың ең әдемі жер екеніне сенімді!

— Мен табиғатымнан саяхатшымын, сондықтан жұмыс сапарлары кезінде әдемі жерлерді байқасам, кейін еңбек демалысында немесе жай демалыс күндері баруға тырыстым. Мұндай сапарлар үшін не қажет екенін білесіз бе? Стратегиялық жоспарлау! — деп Ләйлә Уахидқызы жымиды. — Иә-иә, бұл менің күнделікті өмірімде де бар. Мысалы, мен Мұзтауға баруды армандадым. Жергілікті туристік агенттікті таптым, олар үнемі экскурсия жүргізеді және біздің өлкеміздің сұлулығын көрсетеді. Мен тікұшақтан Мұзтауды көрдім — бұл айтуға сөз жетпейтін эмоция, мен сізге бұл турмен баруды ұсынамын! Стратег ретінде алдыма мақсат қойдым, сапарға қажетті қаражатты жинадым және осы ұмытылмас сапарды жасадым. Мен тек мемлекеттік бюджетті ғана емес, өз шығындарымды да жоспарлауға дағдыланғанмын. Сонымен бірге перспективалы ой ойлау керек. Сондықтан, жоспар құра білу керек! Онда цифрларға деген сүйіспеншілік үлкен «плюс» болады.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте