Қазақстандағы су тасқыны: ШҚУ зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді

4 апреля 2024, 10:52
Сейчас читают:

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымы су тасқынынан зардап шеккендерге қажетті гуманитарлық көмек жинап, Ақтөбе облысына жөнелтті. Тасқын болған аймақта 1300-ден астам үй су астында қалып, 8 мыңға жуық мал шығынға кеткен. 64 елді мекен көлік қатынасынсыз қалған.

Университет қызметкерлері тамақ өнімдерін, суды тазартуға арналған сүзгілерді, жеке гигиена құралдарын, тұрмыстық химияны, дәрі-дәрмектерді және жылы тұрмыстық керек-жарақтарды, көрпе-жастықтар жинаған. 

Студенттер де шетте қалмады. Жастар гуманитарлық көмекті жинастырып, жөнелтті. 

ЖОО басшылығы атап өткендей, зардап шеккен азаматтарға көмек әрбір азаматтың борышы.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте