Шығыс Қазақстанда ата-аналарды педагогикалық қолдаудың облыстық форумы өтті

5 апреля 2024, 4:44
Сейчас читают:

Біздің балаларымызды отбасы, мектеп және қоғам тәрбиелейтіні белгілі. Социалистік жүйенің күйреуінен кейінгі онжылдықтарда қоршаған орта біздің балаларымызға көбінесе қатал болды. Бірақ ата-аналар да қазір тәрбие ісінде мұғалімдерді жақтамайды. Осы орайда Өскеменде мектеп пен отбасының өзара іс-қимыл мәселесін талқылау үшін Шығыс Қазақстанның түкпір-түкпірінен 250 мұғалім жиналған болатын.

Ғаламның негізі

Қазіргі әлемдегі кез-келген елдің әл-ауқатын көрсететін критерийлерінің бірі - жас ұрпақтың әл-ауқатының қаншалықты қамтамасыз етілгендігімен өлшенеді. Бүгінгі таңда кішкентай қазақстандықтарға екі фактор теріс әсер етіп отыр: эмоционалды байланыстардың болмауы және ақпараттың көптігі. Біздің балалар өз сезімдерімен қалай күресуге болатынын білмейді, әсіресе егер біреу оларға эмоционалды зорлық-зомбылық көрсетсе не істерін білмейді. Бұл балалар мен жасөспірімдердің суицидіне себеп болатын мәселе.

Балалар үшін өз шаңырағында қол жеткізген эмоционалды тәжірибе қажет. Өкінішке орай, қазір біздің көптеген отандастарымыз көбінесе материалдық әл-ауқатқа қол жеткізуге баса назар аударады. Ата-аналар балаларды тамақтандыруға және тәрбиелеуге, оларды сәнді киімдермен және беделді гаджеттермен қамтамасыз етуге басым уақыты мен күшін жұмсайды. Сөйте отырып кейде балаларына шынайы қажет өмірлік құндылықтарды бере алмай жатады.

— Қоршаған ортаны толтырған үрейге жауап ретінде қазіргі балаларға аяушылық пен эмпатия, эмоционалды интеллект пен мұқияттылық, стресттік жағдайдағы зейін мен сыни ойлауды сақтау қабілеті өте қажет, — дейді "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының жетекші маманы Еркінбек Аязбаев. — Адамның өміршеңдігі әл-ауқаттың субъективті қабылдауына байланысты. Егер бала өз отбасында махаббат пен қолдауға қанбаса, оның эмоционалды жағдайының нашарлығы баланың мазасыздығы мен озбырлығынан, немесе керісінше тартыншақтығынан, қорқыныштары мен оқшаулануынан көрініс табады. Және осы қасиеттер баланы ересек өмірінде де сүйемелдейтін болады. Егер отбасында махаббат пен қолдау көрсе, бала қолайлы ортада өсіп, өніп, айналасына сеніммен қарап, өзін құрметтеп, бақылап, табысты өмірге бағдарланады.

Егер ата-анасы әлеуметпен араласа алмаса, бала да олардың қателіктерін қайталап өседі. Сондықтан Қазақстанда бүгінгі күні отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуге көп көңіл бөлініп отыр. Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары 2023 қыркүйек айынанан бастап бүкіл республика бойынша құрылған. Ол орталықтардың басты мақсаты баланы оқыту және тәрбие беру үдерісі кезінде мектеп пен ата-ана қарым-қатынасын нығайту болып табылады. Облыстың барлық 343 мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылған. Отбасылармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсынымдар жасап шығарылған. Осы орталықтарда пайдаланылатын ата-аналарды қолдау бағдарламалары ұлттық отбасылық құндылықтарға негізделген.

— Біздің жұмысымызда ең бастысы ата-аналардың мектепке, сынып жетекшісіне, директорға деген сенімін қайта қалпына келтіру, — дейді ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева. — Бұрын ата-аналар педагогты тыңдайтын, оның бала тәрбиесіне қатысты берген ұсынымдарына құлақ асатын. Бүгін осы байланысты жоғалтқанымызды мойындау керек. Әрине, біз ата-ананы қайта тәрбиелей алмаймыз. Бұл біздің функционалды міндеттерімізге кірмейді. Есесіне біз оларға бала тәрбиесі бойынша қолдау көрсете аламыз, себебі бұл мәселеде біліктілігіміз бар. Біз оны оқып, үйреніп шықтық. Тәжірибеміз де бар.

Үш оқу тоқсанында бұл орталықтарда 17 мыңнан тастам іс-шара өткізіліп, 58 624 ата-ананы қамтыдық.

Жұдырықпен емес, сөзбен

Қазіргі уақытта буллинг деп аталатын жасөспірімдерді қорлау әркез өсіп келе жатқан адамның ең ауыр тәжірибелерінің бірі болып табылады. Қорқыту көбінесе балалар өздеріне берілген, тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыруда оң тәжірибесі немесе үлгісі жоқ жерлерде пайда болады. Өздігінен ұйымдастырылатын балалар қауымдастығында көбінесе "күштілердің құқығы" билік етеді. Әдетте асқалардан өзгеше балалар психологиялық қорлауға немесе тіпті физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Жасөспірімдер арасындағы мұндай қарым-қатынастың қайғылы мысалы өткен жылы бүкіл Өскеменді дүр сілкіндірді. Содан кейін бірнеше жасөспірім қыз әлеуметтік желілерде өздері қатарлас құрбысын қорлағаны туралы видео жарияланған болатын.

— Бүгінде балалар бір-біріне ғана емес, ата-аналарына да озбырлық көрсетеді, — деп дабыл қағады Инесса Чернышева. — Буллинг — бұл бір адамның немесе бір топ баланың бір балаға деген агрессиясының жүйелі көрінісі. Баланың буллингке ұшырағанын оның мінез-құлқынан байқауға болады. Ең алдымен, мұны ата-анасы байқайды. Бұл әрқашан айқын көрінетін құбылыс. Бала я болмаса қандай да бір оқу жаңалықтарымен шабыттанып келеді немесе өз бөлмесіне тығылып, елмен араласудан бас тартады. Демек, бір нәрсе оның өмірден ләззат алуына, толық дамуына кедергі келтіріп отыр деген сөз. Ондай жағдайда ата-ана мектепке келіп, себебін анықтауы керек. Бұл ата-ананың жұмысы. Бірақ бүгін бізде, өкінішке орай, егер балада бірдеңе дұрыс болмаса, онда ата-аналар бізден көмек сұрап келудің орнына, шағым айта жүгінеді. Бұл форматты өзгерту керек.

Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейде мұғалім мен ата-аналардың буллингке қарсы бірлесе күресуінің оңды тәжірибесі бар. Ол тәжірибемен форумда лицейдің ата-аналар комитетінің төрағасы, "Нұрсана" үкіметтік емес ұйымының басшысы Нұрия Темірханова бөлісті. Ол ата-аналарға қорлаумен күресуге арналған практикалық кеңестердің тізімін ұсынды.

Жасөспірімдердің қатыгездігін жеңудің тағы бір тәсілі — мектеп медиациясының тәжірибесі, ол әсіресе Ұлан ауданындағы мектептерде сәтті қолданылады. Соңғы жылдары "медиация" — "татуласу" сөзі біздің лексиконымызға және сот жүйесінің ғана емес, сонымен қатар тәрбие жұмысының тәжірибесіне мықтап енді. "Ұлан-медиация" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлетай Тәнекенова тоғыз жылдан бері медиация саласында кәсіби қызмет атқарып келеді. Өз қызметінің барысында ол зейнеткерлермен, ардагерлермен, әйелдер кеңесінің мүшелерімен жұмыс істейді. Содан кейін жетінші – тоғызыншы сынып оқушыларына медиацияны үйрете бастады. Оның пайымдауынша, татуластырушы медиаторларлық іс-әрекетке үздік оқушыларды емес, өмірінде қиындықтары бар балаларды тартқан дұрыс.

— Олардың өмірінде не себепті қиындықтар орын алып отыр? Олардың отбасы суып, достары теріс айналған, өзі әжесінің қолында шығар, — деп түсіндіреді Төлетай Тәнекенова. — Оларға шиеленісті жағдайларды шешіп үйрену керек, әйтпесе оларды болашақта «әкімшілік» жаза мен «қылмыстық» жаза күтіп тұр. Олар осы сабақтарға келген кезде, қызығушылықтары оянады. Бізге келетін балалар өздерін қорғап үйренеді, себебі сауатты жауап бере алады. Өздерін де, өзгелерді де қорғайды.

Жанжалдағы мінез-құлықтың оң стратегияларын үйренетін балалар уақыт өте келе қоғамда дұрыс қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады. Сабақта олар мектепте және отбасында туындайтын нақты жағдайларды ғана емес, сонымен қатар ықтимал қақтығыстар мен олардан шығуды модельдейді. Олар ата-аналарының қызметін басқаша бағалай бастайды. Жасыратыны жоқ, ересектер әрқашан балаларына мінез-құлық үлгісі бола бермейді.

— Бүгінгі күні ата-аналардың өз балаларымен арасы ашылып барады, — дейді Төлетай Заманбекқызы. — Әйтеуір өзін мазаламасын деп қолына телефон ұстата салады. Осыдан кейін қандай үлгі болмақ? Бірде төртінші сыныптағы бір кішкене қыз маған былай деді: «Біз автобуста кетіп бара жатқанда анам маған: «Отыр да ешкімге орныңды берме!» деп айтады. Ал егер кәрі әже кірсе ше? Сонда менің мамам қателесіп тұр ма?». Осындай жағдайда анасын ренжітпеу үшін қалай жауап беруім керек? Сабақтан кейін мен оған: «Келесі жолы осындай жағдай болса: «Мама, сен кейін қарайғанда, менің балаларым саған орын бермейтін болады. Сен мені соған үйреттің ғой!» деп айтуды үйреттім. Мен дұрыс айттым ба? Біз балаларымызды өз тәжірибемізбен үйрету керекпіз. Әйтпесе, құр сөз ақыл болып қонбайды.

Ұлан ауданының мектеп медиаторларының жұмысы айтарлықтай нәтиже беріп отыр. 2015 жылы аудан бойынша кәмелетке толмағандар жасаған 42 құқық бұзушылық болса, өткен жылы осындай екі-ақ эпизод болған екен.

Қиын жағдайда

Отбасы тарихында ересектерге балаларымен қарым-қатынас жасау қиынға соғатын кездер болады. Бұл қақтығыстар күшейіп, тіпті жасөспірімді қиындыққа душар етуі мүмкін. Мұндай жағдайда ата-аналар мен балаларға бір-бірін түсінуге және туындаған мәселелерді шешудің сындарлы жолдарын табуға көмектесетін білікті мамандардың көмегі қажет.

2024 жылдың 1 сәуірінен бастап Өскеменде ШҚО білім басқармасының Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы ресми түрде жұмыс істей бастады. Мұндай құрылымды құру туралы қаулы қаңтардың басында шыққан болатын. Енді жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен тікелей жұмыс басталады.

— Сәуір айынан бастап біз өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсете бастаймыз, — деп "Аймақтық психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ директорының міндетін атқарушы Лилия Куземко түсініктеме береді. — Зорлық-зомбылық пен қатыгездікке, қорқытуға, балалар мен ата-аналар қарым-қатынасына, эмоционалдық саладағы проблемаларға, суицидтік тәуекелдердің алдын алуға қатысты кез келген мәселе бойынша балалар ата-аналарымен бірге немесе ата-аналары өз бетінше бізге жүгіне алады. 26-68-92 сенім телефонына қоңырау шалуға болады. Бұл телефон тәулік бойы жұмыс істейді. Егер қаласа, жасырын түрде де хабарласа алады. Оқу немесе жұмыс орнына қарамастан құпиялылық кез келген жағдайда сақталады. Бізді әлеуметтік желілерде #Сенімқызметі хэштегі арқылы табуға болады. Біз күндізгі уақытта: 9.00 - ден 18.00-ге дейін қабылдаймыз. Бірақ кезекші мамандар кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері онлайн-консультациялар және кезекші мамандардың бетпе-бет қабылдауы ұйымдастырылады. Алдын ала жазылып, келіңіздер!

Қазіргі уақытта аймақтық психологиялық қолдау және көмек орталығы оқушылардың шығармашылық сарайының ғимаратында жұмыс істейді.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте