ШҚО-да мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 207,5 млрд теңгені құрады
Нөлдік мөлшерлеме бойынша 186,2 миллиард теңге ҚҚС қайтаруды ескере отырып, он ай ішіндегі мемлекеттік бюджетке салық төлемдері 207,5 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қабыш Сайранқан мәлімдеді.
— Бюджетке қомақты түсімдерді қамтамасыз еткен негізгі салалар: көтерме және бөлшек сауда — 20,8 пайыз, тау — кен өнеркәсібі — 14 пайыз, құрылыс-13,7 пайыз, сондай-ақ электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау–6,8 пайыз. Бұл салалардағы өсу үрдісі сату көлемінің ұлғаюымен, ірі кәсіпорындардың тұрақты жұмысымен және қаржылық көрсеткіштердің жақсаруымен байланысты, — деп атап өтті Қабыш Сайранқан.
Сыртқы сауда да облыстың ұстанымын нығайтуды жалғастыруда. 2024 жылы ШҚО сыртқы сауда айналымы 2,7 миллион АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға артық. "Казцинк" және "Қазатомөнеркәсіп"сияқты алыптардың белсенді қызметінің арқасында экспорттың өсуіне ерекше назар аудару қажет. Бұл компаниялардың экспорттық жеткізілімдері аймақ кірісін арттырудың драйвері болып отыр.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер департаменті салық заңнамасының сақталуын бақылау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 2024 жылдың 10 айында 794 тексеру жүргізілді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 78,8 пайызға өсті. Айта кету керек, тексерулер саны да артқан, бірақ салық төлеушілерден айтарлықтай бұзушылықтар немесе шағымдар тіркелген жоқ.
Биылғы жылдың маңызды жетістіктерінің бірі мемлекеттік қызметтерді табысты цифрландыру болды. 2024 жылдың бірінші қарашасындағы жағдай бойынша барлық көрсетілген қызметтердің 99,6 пайызы электрондық форматта ұсынылған.
Сонымен қатар, 2023 жылы 26 353 есепке алу және 7 007 салықты қайтару жүргізілді, ал 2024 жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 23 511 есепке алу мен 5 912 қайтаруды құрады.

